» » Елімізде жәрдемақы мөлшерін белгілеу тәртібі өзгеруі мүмкін

Елімізде жәрдемақы мөлшерін белгілеу тәртібі өзгеруі мүмкін


Елімізде еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан, асыраушысынан айырылған және жұмыссыз қалған азаматтарға берілетін жәрдемақы үштен бір бөлікке өседі.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

«Әлеуметтік жәрдемақы көлемі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және өзге де параметрлердің өзгеруіне қарай өседі. Осылайша заң жобасына сәйкес, әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі өтілі көп азаматтарға берілетін әлеуметтік жәрдемақы 5 жыл бойы әр жылы 2 пайызға артады. Ал мүгедектігі барлар үшін жұмысқа жарамсыз болып қалғанда  берілетін әлеуметтік жәрдемақылардың көлемін еңбекке жарамсыздық болған кездегі фактіні ескере отырып, белгілеу ұсынылады», - делінген министрліктің хабарламасында.

Яғни алдағы уақытта әлеуметтік жәрдемақылар еңбекке жарамсыз болған жағдайда орташаланған коэфиценттерге тәуелді болмай, арнайы бекітілмек.

«Отбасы асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік жәрдемақыларды белгілеу кезінде қолданатын асыраудағы адамдар санының коэффицентін көтеру ұсынылады. Жұмыссыз қалған тұлғаларға әлеуметтік жәрмақыларды белгілеу үшін табыс көзін ауыстыратын коэффицентті 30 пайыздан 40 пайызға дейін көтеру ұсынылды. Сондай-ақ бұл әлеуметтік төлемді алу уақытын 4 айдан 6 айға дейін ұзарту көзделген», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Жалпы ұсынылып отырған өзгерістер еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда, асыраушысынан айырылғанда және жұмыссыз қалғанда әлеуметтік жәрдемақылар көлемін орташа 30 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда заң жобасы ҚР Үкіметінің қарауында жатыр.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанда және асыраушысынан айырылғанда берілетін жәрдемақы 5 пайызға өсті.

04 қаңтар 2019 ж. 805 1

JeaCold от 17 ақпан 2019 03:53
Lioresal 25mgacheter Lioresal En France viagra online prescription Acheter Viagra Au Maroc Prednisone Without A Script Buy Orlistat 60 Mg With No Prescription

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 323
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031