» » Президент зейнетақы, жалақы және әлеуметтік жәрдемақы көлемін арттыруды тапсырды

Президент зейнетақы, жалақы және әлеуметтік жәрдемақы көлемін арттыруды тапсырды


Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдерін 7%-ға, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар көлемін 5%-ға арттыруды және 1,3 миллион қазақстандықтың жалақысын көбейтуді тапсырды.


Нұрсұлтан Назарбаев

Мемлекет басшысының төрағалығымен халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жаңғырту мәселелеріне арналған кеңес өтті.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаевқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызметінің негізгі қорытындылары, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында айтылған тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде  де есеп берілді.
Мемлекет жыл сайын әлеуметтік саланы қаржыландыру көлемін арттырып, міндеттеменің бәрін орындап келеді. Биыл осы мақсаттарға 2,6 триллион теңге бөлінді. Бұл былтырмен салыстырғанда 21,3%-ға көп, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы тұрғындардың тұрмыс сапасы мен табысын арттыруға арналған биылғы Жолдауда ең төменгі жалақы мөлшерінкөбейту үшін шаралар кешені қамтылғанын атап өтті.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап төмен жалақы алатын еңбеккерлердің, соның ішінде азаматтық қызметшілердің еңбекақысы 1,5 есе өседі. Әкімшілік, көмекші және техникалық қызмет көрсететін қызметкерлердің де жалақысы артады. Экономиканың барлық саласындағы төмен жалақы алатын 1,3 миллион жалдамалы жұмысшылардың жалақысы орташа есеппен 30%-ға көбейеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасының мәлімдеуінше, әлеуметтік қамсыздандырудың мемлекеттік жүйесіне өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды тарту мақсатымен жыл басынан бері 2,7 миллион адамның 1,8 миллионының мәртебесі жаңартылды. 2019 жылдан бастап Қазақстанның жұмыс істейтін барлық азаматтары үшін Бірыңғай жиынтық төлем енгізу жоспарланып отыр.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрмысы төмен отбасылар үшін атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгіздік. Соның арқасында биылғы 10 айдың ішінде 103 мыңға жуық отбасы немесе 534 мың адам мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы тиісті ведомство жетекшісіне берілетін шағын несие санын көбейтуді және олардың халыққа қол жетімділігін арттыруды тапсырды.
Осы жылдың соңына дейін ең төменгі жалақы мөлшерін бір жарым есе өсіретін заңның қабылдануын қамтамасыз ету қажет. Министрлік және әкімдіктер жұмыс берушілердің ең төменгі жалақы мөлшерін арттыруын қамтамасыз ету үшін бақылау орнатып, тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде шаралар қабылдауы керек. 1,3 миллион азаматымыздың жалақысы нақты көбеюге тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдерін 7%-ға, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар көлемін 5%-ға арттыру қажет екеніне тоқталды.
Жиын кезінде әлеуметтік сақтандыру мәселелері де талқыланды. Осыған орай, еңбек ету қабілетін жоғалтуына, жұмыстан босап қалуына немесе асыраушысынан айрылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемақының орташа көлемін 30%-ға арттыруды қамтамасыз ету тапсырылды.
Мемлекет басшысы мүгедектер санатына жататын азаматтардың өзін-өзі танытуы және толыққанды интеграциясы үшін жағдай жасау мақсатымен мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөнінде жаңа ұлттық жоспар әзірлеуді тапсырды. Бұл құжат мүгедектіктің алдын алу, кең ауқымдағы инклюзив білім беруді енгізу, ерекше мұқтаж жандарға арналған барлық әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын бейімдеу жөніндегі шараны, жұмыс берушілер мен бизнестің мүгедектерді жұмыспен қамту ісіне де белсенді атсалысуын қамтамасыз ету жөніндегі тетіктерді қамтиды.
Мемлекет басшысы цифрлық экономикаға және 4.0 индустриясына көшуімізге байланысты еңбек ресурстарының сапасына қойылатын талаптардың күшейгеніне назар аударды.
Сапалы жұмыс орындарын ашу үшін еңбек нарығын дамытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу керек. 2025 жылға қарай қосымша 2 миллионға жуық жас маман еңбек нарығына шығады деп болжанып отыр. Жастарымызды тиісті жұмыс орындарымен қамтамасыз ету маңызды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Жиын соңында Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігіне берілген тапсырмалардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.

baribar.kz


30 қараша 2018 ж. 1 247 1

JeaCold от 27 ақпан 2019 08:15
Diflucan For Sale п»їcialis Is Priligy Safe Viagra 25 Mg Order Catalogo De Kamagra

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031