» » Ел мақтаныштары: 2018 жылдың жақсы өтуіне әсер еткен тұлғалар

Ел мақтаныштары: 2018 жылдың жақсы өтуіне әсер еткен тұлғалар



Қазақтың сүйікті ұлы, ел мақтанышы атанған Димаш Құдайберген үшін 2018 жыл шығармашылық табыс әкелген, биік жетістіктерге жеткізген жылдардың бірі болды десек, артық айтқанымыз емес. Ол Шанхайда өткен The Silk Road Cohesion 2018 халықаралық кинобайқауында жыл әншісі атанды. Көршілес Ресейде де бірнеше бағдарламаларда ән шырқап, басты музыкалық кешіне қатысып, әдемі даусымен сол елдің азаматтарын таңдай қақтырған еді. 2018 жылдың қараша айында ол Ұлыбританияның астанасы Лондонда жеке шығармашылық концертін берген. Оны тамашалауға әлемнің 45 елінен көрермендер келген.
Данэлия Төлешова. 2017 жылы украиналық “Голос.Діти” байқауында жеңімпаз атанған қазақстандық әнші биыл Евровидение балалар байқауына қатысып, еліміздің атын әлемге тағы да бір мәрте паш етті. Бұл байқауға Қазақстан 2018 жылы алғаш рет қатысып, көрермендердің дауыс беруі бойынша үшінші, ал қорытынды есеппен алтыншы орынды иеленді. “Өзіңе сен” атты әнін Төлешова қазақ және ағылшын тілдерінде орындаған еді. Бұл байқауға 2018 жылы Қазақстанның алғаш рет қатысқанын ескерген жөн.
Самал Еслямова Германияның Котбус қаласында өткен жиырма сегізінші халықаралық кино фестивальде “Үздік әйел рөлі” номинацисында жеңіске жетіп, гранприді алған еді. Оның “Айка” фильміндегі сомдаған рөліне қайран қалғандардың қатарында танымал голливудтық актриса Кейт Бланшет бар. Еслямова бағын жаққан “Айка” фильміне дейін отандық “Қызғалдақ” кинотуындысына түскен болатын.
Жыл басында Кеңес Рақышев пен Вячеслав Ким “Сәби” қоры ұйымдастырған “Өз бизнесіңді құр” сайысының жеңімпаздарын ақшалай сыйлықпен мараппаттады. Сайысқа қатысуға 393 өтініш түскен. Олардың ішінен шорт-тізімге 26-сы еніп, 10 жоба жеңімпаз атанған. Бірінші орынды иеленген Sheberkhana жобасына және мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған хостелге 50 мың доллардан, үш жобаға 30 мың доллардан, қалғандарына 20 және 10 мың доллардан берген. “Өз бизнесіңді құр” сайысы 5 жыл бұрын басталып, осы уақыттың ішінде жеңімпаздарға 1 миллион доллар табыстап үлгерген.
Қазақстанның білімді балалары да 2018 жылда биік шыңдарды бағындырды. Шахматшы қыз Жансая Мәлік Қазақстанның атынан шахматтан әлем чемпионатына қатысқан алғашқы қазақстандық деп танылды.
Ал Алматыдағы физика -математика бағытындағы Назарбаев Интелллектуалды мектебінің 12 сынып оқушысы Ақназар Қажымұрат халықаралық ACT және SAT Subject Tests емтихандарынан 36 балдың ішінен 36, 2400 балдан 2400-дің барлығын жинап рекорд орнатты. Ақназар Қажымұратты әлемдегі жас дарындар жақсы таниды. Ол бірнеше халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.
“Өнер Қырандары” пародия театрының “Берекелі мереке-4” деп аталатын концертінің соңында театр басшысы Мадияр Серікбаев 6 жасында екі қолынан айырылған тараздық азаматқа баспана сыйлаған. Оқыс оқиғаның салдарынан қолдарынан айырылған Мағжан Асылбекұлының жанұясы, кішкентай қызы бар. Театр 2018 жылы бір емес, бірнеше отбасыға қол ұшын созған. Театр мүшесін “Қарекет” қорымен бірге Қадір түнінде көпбалалы 13-отбасыға баспана берген еді.
1000 теңгеге баспана деген бастамамен ашылған “Қарекет” қорының көмегімен “Астана” және Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасының футболисі Абзал Бейсебеков 7 баласы бар жанұяға өз қаржысына пәтер сатып алып берді.
Қайырымдылық жасауды жаны сүйетін Айдын Тоқсанбаева бүгінде халықтың ыстық ықыласы мен сеніміне бөленген танымал қазақстандықтардың бірі. Әлеуметтік желілерде Janym Baklajanym деген атпен танылған елімізге танымал “саяхатшы әженің” немересі биыл бір көзінен айырылған Римма Асқароваға, “қарт бала” атанған Ернар Әлібековке де қолынан келгенше көмек көрсеткен.
2018 жылы Алматы қаласының гүлденуі Бауыржан Байбектің  үлкен еңбегі сіңді. “Адамдарға арналған қала” концепциясының аясында Алматының тарихи орталығының кейбір бөліктері қайта құрылды. Көшелер кеңейтіліп, жасылдандыру алаңдары үлкейтілді, мекемелердің фасадтары жаңартылды. Темирязев, Жандосов көшелерінде ұзындығы 8,7 километр болатын BRT жылдамдық линияларының желісі орнатылды. Жер асты метролары жөнделіп, қазақтың ұлы тұлғаларының бейнесімен, нақыл сөздерімен, еліміздің көрікті жерлерімен безендірілді. Әкімдіктің мәліметінше, биыл қалада ұзындығы 500 км болатын 524 көше, 1400 аула, арықтық жүйелердің шамамен 300 километрі жаңартылған.

stan.kz

31 желтоқсан 2018 ж. 784 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031