» » Данэлия Төлешова "Балалар Евровидениесі" байқауында 6-орын алды

Данэлия Төлешова "Балалар Евровидениесі" байқауында 6-орын алды




Қазақстандық жас талантты әнші Данэлия Төлешова Минскіде өткен "Балалар Евровидениесі-2018" халықаралық байқауында 6-орынға ие болды.Жалпы нәтиже бойынша қазақстандық өнерпаз 171 бал жинады. Ал көрермендер дауыс беруі бойынша үздік үштікке енді.2018 жылғы «Балалар Евровидениесінде» Польша елінен келген жас әнші Роксана Вегель (215 бал) жеңімпаз атанды. Екінші орынды Франция елінен (203 бал), үшінші орынды Аустралиядан келген өнерпаз (201 бал) еншіледі.

12 жастағы Данэлия Төлешова сахнаға үшінші болып шықты, оның алдында Украина мен Португалия әншілері өнер көрсетті. Отандасымыз "Өзіңе сен" әнін қазақ және ағылшын тілдерінде орындады. Композицияны ресейлік белгілі режиссер Алексей Голубев дайындаған. Ол 2015 жылы "Евровидение" байқауында әнші Полина Гагаринамен жұмыс істеген маман. Оның қиялы бойынша экранда екі ғашықтың оқиғасы көрсетілді. Ал Данэлия сахнаға ақ көйлек киіп, жалаң аяқ шықты.

"Балалар Евровидениесі-2018" халықаралық байқауына 20 елдің өнерпазы қатысты. Бұл 2003 жылдан бергі байқау тарихындағы рекордтық көрсеткіш.Қазақстан бұл байқауға тұңғыш рет қатысты. Данэлия Төлешова 2015 жылы "Новая Волна" байқауына қатысып, осыдан кейін "Голос. Дети" шоуында жеңіске жеткен.

massaget.kz
26 қараша 2018 ж. 1 432 2

JeaCold от 11 ақпан 2019 02:27
Awc Pharmacy Comprar Viagra En Sevilla cialis canada Acp11

StevMype от 8 мамыр 2019 02:30
Dth 24 B Kamal Kunj Mumbai India Venta De Viagra Por Internet Naproxen cialis Viagra Price List Svizzera PuРіС– Acquistare Kamagra

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 112

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 135

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 278

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930