» » Димаш Құдайберген Қытайда "Жылдың үздік әншісі" атағын алды

Димаш Құдайберген Қытайда "Жылдың үздік әншісі" атағын алды


Фотография - Димаш Құдайберген Қытайда "Жылдың үздік әншісі" атағын алды

16 желтоқсанда Шанхайда өткен The Silk Road Cohesion Awards 2018 халықаралық кинофестивалі аясында Димаш Құдайберген "Жыл әншісі" атанды, деп хабарлайды Today.kz.
Бұл жаңалықты Димаш Instagram желісіндегі парақшасына жазды. 

"The Silk Road Cohesion Awards 2018" халықаралық марапат кешінде "Жыл әншісі" және "Ұлы Жібек жолы" елдерінің шешімімен "Жібек жолының мәдени елшісі" деген марапаттар алып, мереке қарсаңында сыйға бөлендім. Қуаныштымын. Әр жеңісім Отаным үшін, барлық тыңдармандарым үшін. Шанхай қаласы. Мереке құтты болсын тағы да!" – деп жазды Димаш. 
Қазақстандық әншінің марапаттау шарасында айтқан сөзі желіге жүктелді. 
Жүлдені алған соң Димаш алғыс білдірді. 
"Мен шын мәнінде өте бақытты әнші екенмін. Өнер – алып мұхит, алып мұхитта неше түрлі дауыл болады, сол мұхитта емін-еркін жүзуіме септігін тигізетін кеменің басын ұстайтын – көрермендер. Әрбір марапат алған сайын әнші шабыттана түседі. Шын жүрегімнен "Жылдың үздік әншісі" деген атаққа ие болу – үлкен абырой. Менің жанкүйерлерімнің арқасы", – деді Димаш. 


Шанхайдағы кинофестивальге Димаш басты қонақтардың бірі ретінде шақырылды. Бұл шара әлемнің 124 еліне көрсетіледі. Қазақстан кинофестивальге 10 киносын жіберді, оның ішінде Ақан Сатаевтың "Анаға апарар жолы", Нұртас Адамбайдың "Лифті", Мейірхан Шернияховтың "Тіркеуші" сияқты фильмдері бар. 

17 желтоқсан 2018 ж. 1 355 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930