» » ӘСЕРЛІ ӨТКЕН КЕШ

ӘСЕРЛІ ӨТКЕН КЕШ

Балалар үшін бүгін ерекше күн. Өйткені, олар әдеттегідей емес, ерекше шырша кешін өткізді. Оқуда озат, бойында таланты тулаған балдырғандарға арналған аудан әкімінің шыршасы өтті. Мәре-сәре, бал-бұл жанған жүз. Тақпағын ұмытып қалардай ауық-ауық еске түсірген балақайлар. Бүгін олар мінсіз өнер көрсетуі тиіс. Өйткені, аудан басшысының алдында өнер көрсетеді.


«Баласы атқа шапса, анасы үйде отырып, тақымын қысады» деген. Кент тұрғыны Дархан Садықова ән мен биді бір бойына сыйдырған талантты шәкірттің анасы. Бүгінгі кешке бүлдіршін қызы барын сала дайындалған. Үйде байыз таба алмаған ана баласын шыршаға өзі әкепті.
– Жаңа жыл құт-береке әкелсін. Еліміз жайнап, жадырай берсін. Балаларға осылай әсерлі кеш сыйлап жатқан басшылыққа, ұстаздарға алғысым зор. «Әрбір бала бақытты болуы үшін жаралған» деген ұлы ұстанымды ту еткен ел ағаларына барлық жақсылықты тілеймін, – деді Д.Садықова.
Шыршаны айнала билеп, әсем әнге салған балдырғандар мерекелік кештің көркін қыздырды. Шараға аудан әкімі С.Мақашов табалдырықтан аттасымен-ақ өрнекті өлең жолдарымен құттықтауын жолдаған қос бүлдіршін қазақ балаларының алғырлығын танытып тұрғандай.
– Әрбіріміз жаңа жылдан жағымды жаңалық күтеміз. Үлкен үміт артамыз. Биыл – тәуелсіз Қазақ елінде ұлан-асыр той өткен жыл болды. Алаштың Ақмешіті қос ғасырлық тойын тойласа, айбынды Астанамыз 20 жасқа толды. Ал аудан 90 жылдық тойын атап өтті. Мұның өзі мерейімізді асырғанын аңғартады. Балалар, ХХІ ғасырдың мұнайы да, байлығы да – білім. Сондықтан білім алуда шаршамай, қажымай тер төгіп, алыс армандарға қанат қағатындарыңа сенім мол. Білім бәсекесінде бәстерің биік болсын. Сендер – елдің болашағы. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, – деді С.Мақашов өз кезегінде.
Балдырғандар шырша маңында түрлі ойындар ойнап, көңіл көтерді. Аудан өнерпаздары да мерекенің өз деңгейінде өтуіне қызмет қылды.

Дәулет ҚЫРДАН
26 желтоқсан 2018 ж. 1 206 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031