» » Қазақстанда біріккен ММА федерациясы құрылды

Қазақстанда біріккен ММА федерациясы құрылды

Министр өз сөзінде тараптар Ғалымжан Есеновті біріккен ММА федерациясының басшысы лауазымына мақұлдағанын айтып өтті.



Қазақстанда аралас жекпе-жектің үш федерациясы біріктіріліп, Біріккен қоғамдық бірлестігі - «Қазақстан ММА федерациясының» президенті болып Ғалымжан Есенов сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нақтырақ айтқанда, Қазақстанның аралас жекпе-жек ММА федерациясы, Аралас жекпе-жек, панкратион және грэплинг Ұлттық федерациясы, NOMAD MMA федерациясы бір бірлестікке - «Қазақстан ММА федерациясына» бірігіп отыр.

«Өздеріңіз білетіндей, біз Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығын құрып, оның басшылығына Кәрім Қажымқанұлы (Мәсімов - авт.) келген болатын. 2022 жылы «SportAccord» халықаралық конвенциясы аясында біріккен ойын өткізу міндеті тұр. Мұны жүзеге асыру үшін бізге жекпе-жек өнері саласындағы ғана емес, барлық іс-әрекеттерді жүйелеу қажет. Қазіргі таңда біз ұлттық спорт түрлеріндегі күшімізді нығайтудамыз. Шын мәнісінде, министрлік тарапынан олимпиадалық спорт түрлеріне көбірек көңіл бөлініп, жекпе-жек күрес түрлеріне жеткілікті назар аударылмай қалған болатын. Бірақ ендігі кезекті біз сындарлы түрде алға жылжуымыз керек. ММА-ның жоғары жетістіктерге ие екендігін айта келе жаңа мақсаттарға ұмтылуымыз керек», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы министрлікте өткен отырыста.

Министр өз сөзінде тараптар Ғалымжан Есеновті біріккен ММА федерациясының басшысы лауазымына мақұлдағанын айтып өтті.

«Ол танымал адам. Қазіргі уақытта ол «Алматы марафоны» ірі спорттық іс-шараның ұйымдастырушысы, көптеген жылдар бойы шахмат федерациясын басқарды. Айта кету керек, шахматта, әсіресе біздің қыздарымыз әлемдік рейтингте жетекші орындарға ие. Бұл нәтижелерді біз тіпті елестете де алмаған едік. Ғалымжан Есенов - Кәрім Мәсімов басқаратын Қазақстан триатлон федерациясының вице-президенті. Біздің ұсынысымызды қолдағаны үшін оған алғыс айтқым келеді. Себебі біз жүйелі түрде алға жүруіміз керек. Оның заңгерлік, ұйымдастырушылық тәжірибесі бар», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

kaz.zakon.kz



25 желтоқсан 2018 ж. 830 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 395
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 189

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930