» » АҚМЕШІТТЕН ЖЕТКЕН АЛҒЫС

АҚМЕШІТТЕН ЖЕТКЕН АЛҒЫС

Қос тойы қабат келген қазақ елінің аспанында қуаныштан атқан малақайымыз тұр. Елордамыз Астана қаласының 20 жыл­дығы тойланып жатқан тұста, Алаштың ал­ғашқы астанасы Қызылорда қос ғасырдың жүгін арқалап, 200 жылдығын тойлады. Аталған мерекеге Алаш жұрты жұмыла атсалысты. Қызылорда қаласының Қармақшы ауданындағы мерейтойы да жоғары деңгейде аталып өтті. Сырдың бас қаласына жасалған құрмет үшін Ақмешіттен алғыс арқалаған хат келді.

Республикалық деңгейде аталып өткен мерейтойға атсалысқан Қармақшы халқы мен аудан әкімі С.Мақашовқа алғыс білдірген Н.Нәлібаев өз сөзінде қармақшылықтарды құрметтейтінін жеткізді.

«Осы мерейтойдың жоғары деңгейде өтуіне зор үлесін қосқан Сіз басқарып отырған Қармақшы ауданы халқына және Өзіңізге шынайы алғысымды білдіремін.

Біз әрқашан Қармақшы ауданы халқының ыстық ықыласын сезініп келеміз және бауырмал қасиетін жоғары бағалаймыз. Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына Қармақшы ауданы үлкен сый жасап, қаламыздағы саябақтың бірін қайта жаңғыртып, қармақшылық өнерпаздардың мерекелік өнер шашуы көпшіліктің көңілінен шықты», – делінген хатта.

Айта кетейік, Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында ауданда «Жыр-әннің елі, Тұранның төрі – Қызылорда» атты мерекелік концерт өтіп, аудан ардагерлерін марапаттаған қызылордалықтар өңірдің тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан еді. Мұндай өнер кеші аудан өнерпаздарының ұйымдастыруымен Сырдың бас қаласында Ақмешіттің аспанын әнмен көмкерген. Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы саябақтардың бірін жаңғыртудан өткізіп, мерейтойға тартуын жасады.

Алғыс арқалаған хат ауданның облыс орталығымен рухани мығым байланыс құрып, өңір дамуына өркенді істерімен үлес қосып келе жатқанын аңғартады.

«ҚТ» ақпарат.
10 желтоқсан 2018 ж. 1 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 575
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 367

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031