» » 10 желтоқсан. Бүгін қандай күн?

10 желтоқсан. Бүгін қандай күн?

Бүгін – Халықаралық футбол күні.

Футболдың әлемдегі нөмірі бірінші спорт екендігін дәлелдеп жатудың еш қажеті жоқ. Оны ондаған мың жанкүйерлерге толы стадиондар теледидар алдында көздерін тырнап ашып, трансляцияны күткен миллиондаған көрермендердің ыстық ықыласынан-ақ байқауға болады. Бүгін осы бір көптің сүйіктісіне айналған ерекше спорт түрінің халықаралық күні.

Халықаралық Футбол күні БҰҰ-ның шешімімен енгізілген болатын. 1897 жылы Ресейде футболдың туған күніне орай Санкт-Петербург қаласында жергілікті командалардың кездесуі өткізіледі. Міне, дәл осы күннен бері футбол күні бүкіләлемдік деңгейде тойланып келеді.



Футболдың тарихы бірнеше ғасыр уақытты қамтиды. Доптың қатысуымен футболға ұқсас ойындарды Ежелгі Шығыста (Египет, Қытай), Антика әлемінде (Греция, Рим), Франция елінде («па супь»), Италия («кальчио») мен Англияда ойнаған. Қазіргі еуропалық футболдың арғы тегі римдік «гарпастум» ойыны болса керек. Допты екі тіреудің ортасынан өткізуге негізделген бұл ойын кезінде әскери легионерлерді жаттықтыруға арналған спорттың бір түрі болған көрінеді. Футболға ұқсас ойын Ежелгі Мысырда б.з.б 1900 жылы, Ежелгі Грекияда б.з.б. 4 ғ. дейін белгілі болған. Бұған Афина мұражайында қазіргі уақытқа дейін сақталып тұрған «доп ойнаған баланың» суреті дәлел бола алады.

Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, әлемде кәсіби футболмен айналысатын адамдардың саны 120 миллионнан асады. Оның 20 миллионға жуығы - әйелдер қауымы екен. Ал жалпы тіркелген командалардың саны - 1,5 милллионнан асады, оның 300 000-ға жуығы кәсіби клубтар.

Бүгін – Адам құқықтарының халықаралық күні.

1950 жылдың 4 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Толық мәжілісінде 10 желтоқсанды Адам құқықтарының халықаралық күні (Human Rights Day) деп жариялады. Ұйымға мүше барлық елдерге атаулы күнді қабылдап, сәйкесінше шаралар өткізуге тапсырма берілді.

Себебі, 1948 жылғы желтоқсанның оныншы жұлдызында БҰҰ Бас Ассамблеясы Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясын қабылдады. Аталаған Декларацияның қабылдау туралы жоспар Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін-ақ пайда болды. Соғыс кезінде миллиондаған адамдардың құқықтары тапталып, талай әділетсіздіктерге жол берілді. Бұл – адам құқығы туралы алғашқы құжат болатын.Әрбір

5 жыл сайын 10 желтоқсанда Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясының мерейтойы өтіп, осы салада жүрген адамдар марапатталады.

10 желтоқсан 2018 ж. 1 964 1

JeaCold от 16 ақпан 2019 22:42
Value Pharmaceuticals Viagra 100 Cheap How To Buy Isotretinoin Riverside sintomas de propecia Viagra Nebenwirkungen Alkohol Legally Progesterone In Internet Canadian Medicines Online

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 085

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031