» » Мәулен Әшімбаев Тәуелсіздік күнін атап өтуде кәсіпкерлерді белсенділік танытуға шақырды

Мәулен Әшімбаев Тәуелсіздік күнін атап өтуде кәсіпкерлерді белсенділік танытуға шақырды

Мәулен Әшімбаев Тәуелсіздік күнін атап өтуде кәсіпкерлерді белсенділік танытуға шақырды


Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары өзінің Facebook-тегі парақшасында жазған.

Онда Мәулен Әшімбаев енді санаулы күндерден кейін елдігіміздің бойтұмарындай болған Тәуелсіздік күнін тойлайтынымызға назар аударып, бұл мерекенің халқымыз үшін аса қасиетті әрі қастерлі екенін айтқан.

«Біз азаттықтың арқасында әлемдік қауымдастыққа етене еніп, оның толық мүшесі атандық. Ешкімге жалтақтамай, ертеңімізді өзіміз бағамдайтын, саясатымызды ұлттық мүддеге сай жүргізетін деңгейге жеттік. Елбасымыздың дана басшылығымен тәуелсіздік жылдарында ел дамуының жаңа экономикалық және саяси негізі қалыптасты. Халықтың әл-ауқаты мен әлемдік деңгейдегі абырой-беделіміз де айтарлықтай арта түсті. Сондықтан Тәуелсіздік күнін атап өтуде Отанға деген махаббаттың жарқын үлгісін көрсету әр қазақстандықтың азаматтық борышы болуы тиіс», – делінген жазбада.

Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Тәуелсіздік күнін лайықты деңгейде тойлау үшін мемлекеттік деңгейдегі мерекелік іс-шаралармен шектелмей, әр адам аз да болса өз үлесін қосуға тырысуы қажет екенін айтқан.

«Осыған орай барша жеке кәсіпкерлер мен кәсіпорындарды және халыққа қызмет көрсетіп отырған жеке ұйымдарды Тәуелсіздік күнін нағыз елдіктің, егемендіктің мерекесі ретінде атап өтуге шақырамыз. Яғни, мереке күндері сөрелер мемлекеттік рәміздердің түсімен безендіріліп, қызметкерлер ұлттық нақышқа сай киімдер кисе, сауда орындарында арнайы акциялар мен жеңілдіктер сияқты бірегей бастамалар қолға алынса мерекенің маңызы мен мәні одан әрі арта түсетіні анық. Қалай десек те, бұл күндері әр қазақстандық мерекелік көңіл-күйге бөленіп, барлық қоғамдық орындарда тәуелсіздіктің мәні мен маңызы айқын сезіліп тұруы тиіс. Сол кезде біз ата-бабамыз аңсаған азаттықтың бағасын пайымдап, жаңа Қазақстан тарихындағы ең ұлық күнге деген құрметімізді көрсетер едік», – дейді өз жазбасында Мәулен Әшімбаев.
Сондай-ақ ол бұл бастамаға әр қазақстандық бір кісідей атсалысып, өз үлесін қосса, Тәуелсіздік күнінің шын мәнінде жалпыұлттық және әр қазақстандықтың асыға күтетін ең басты мерекесіне айналатынына кәміл сенетінін айтқан.

09 желтоқсан 2018 ж. 1 023 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 211

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930