» » 13-қараша қандай күн

13-қараша қандай күн

Зағиптардың  халықаралық күні. 1784 жылы Парижде соқырларға арналған әлемдегі тұңғыш интернатты ашушы, ағартушы, тифлопедагогиканың негізін қалаушы француздық Валентина Гаюидің (1745-1822) туған күніне орай атап өтіледі.Ресейде радиациялық, химиялық және биологиялық қатерлерден қорғау әскерлері күні. Республиканың Революциялық Әскери Кеңесінің №220 бұйрығымен іс-қимыл үстіндегі армияда алғашқы химиялық қорғау органдары мен бөлімшелері құрылған 1918 жылдың 13 қарашасы - Радиациялық, химиялық және биологиялық қатерлерден қорғау әскерлерінің ресми құрылған күні болып есептеледі. 1992 жылдың тамызынан бастап химиялық әскерлер қазіргі атауларына ие болды.1993 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы жарық көрді.1997 жылы  Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мұражайының ресми ашылу салтанаты өтті. Шараға ҚР Президенті Н.Назарбаев қатысып, мұражайдың «Құрметті қонақтар кітабына» естелік жазба қалдырды.Ұлттық банк мұражайы қорында 5 мыңнан астам экспонат қойылған. Олардың қатарында  Николай ІІ патша бейнеленген құны 5 және 10 рубльдік монеталар, 1898-1899 жылдардағы Ұлы Петр, Екатерина ІІ, Николай ІІ, Александр ІІІ бейнеленген патшалық Ресей шақалары, Австрия-Венгрия, орыс-поляк, Қытайдан, Польшадан, Мексикадан әкелінген монеталар, неміс рейхсмаркалары, Кеңес өкіметінің құрылуы кезеңінде 1918 жылы шығарылған «апиын ақшалары» және 1920 жылы шығарылған «жібек ақшалар» деп аталатын банкноттар мен шақалар, алыс және таяу шет елдердің ақша белгілері, Қазақстан теңге сарайының бұйымдары, т.б. сақталған.2006 жылы  Оралда «Батыс Қазақстан облысындағы білім беру жүйесінің тарихы» электрондық ақпараттық анықтамалық жарық көрді. Басылымда БҚО-ның мұрағаттары мен мұражайларынан алынған нақты статистикалық мәліметтер келтірілген. Анықтамалықтан құжаттамалық мәліметтерді, соның ішінде XIX ғасырдан бастап қазіргі күндерге дейінгі кезеңді қамтитын суреттер де бар, осы аумақтағы алғашқы педагогикалық басылымдар жайлы, балалар ұйымдары, оқушылар саны, т.б. туралы білуге болады.2006 жылы  Павлодар облысының Екібастұз қаласында алғашқы «сөйлейтін» бағдаршамдар қойылды. Олардың бірі соқырларға арналған кітапханаға барар жолдағы көшеге орнатылса, екіншісі әлеуметтік қорғау бөлімі орналасқан ғимаратқа қарсы орнатылып, зағип қалалықтарға үлкен көмек көрсетуде. Бағдаршам күшті естілетін және айқын дауыспен жүргіншілерге жасыл шам жанғанын хабардар етеді. Бұл көшелерден өту нашар көретіндер үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, сөйлейтін бағдаршам көздері көретіндерді де тәртіпке келтіргені даусыз.2007 жылы  Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы тұсынан Сыр өзені арқылы өтетін жаңа көпір іске қосылды.Енді бұл көпір арқылы дарияның арғы бетіндегі ондаған ауылдың мыңдаған тұрғыны еркін қарым-қатынас жасайды, бұрын осы жерден халық паром мен қалқымалы көпір арқылы өтетін.
13 қараша 2018 ж. 1 573 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031