» » Жұлдыздар бүгін не дейді?

Жұлдыздар бүгін не дейді?

Тоқты
Үйдегілеріңізбен арада түсінбестік туындауы мүмкін. Өзіңіздің еңбегіңізді тым асыра бағалаудан сақ болыңыз. Бүгін маңызды жобаның сәті түсіп тұр. Шешім қабылдауда көп ойланудың қажеті шамалы.
Торпақ
Ешкімге соқтықпай, тыныш қана өмір сүргеніңіз абзал. Сыншы көз аз болған сайын, ісіңіз ілгері басады. Жұмыс орныңызды ешкім кедергі жасамайтындай етіп ұйымдастырыңыз. Бар күш-жігеріңізді жайлылық табуға бағыттаңыз.
Егіздер
Бүгін жаңа адаммен жолығады, тың жаңалықтар естиді. Дәл қазір олардың алға қойған мақсатының жүзеге асуы қоршаған ортасымен тікелей байланысты. Табысқа жету үшін өзге біреулермен серіктес болу керектігін түсінеді. Кеш өте қуанышты жаңалық әкеледі.
Шаян
Жұлдызыңыз қорқыныш пен күдікті артқа тастап, жеке өміріңізге өзгеріс енгізу керектігін айтады. Ең бастысы - рухани байлықты қалпына келтіру. Алға қойған мақсаттарыңызды орындау үшін алғашқы қадам жасауға ең қолайлы күн.
Арыстан
Бүгін сіз неғұрлым кішіпейіл әрі сабырлы болсаңыз, соғұрлым жеңісіңіз көп болмақ. Өзіңізге қатысты жағымды жаңалық, жақсы көрсеткіштердің басы осы күннен басталады.
Бикеш
Сіздер демалуға тиіссіздер. Осы күнге дейінгі күйбің өмірден аластап, өздеріңізге жақсы бір демалыс беріңіз...таза ауада көбірек болыңыз.
Таразы
Бір адамдардың шаруасын шешемін деп жүріп, жеке басыңызға уақыт бөле бермейсіз. Өзіңізге уақыт тауып, бір мезгіл сырт бейнеңізге өзгеріс жасаңыз. Көп эмоцияға берілмей, жақындарыңызды ренжітіп алудан сақ болыңыз.
Сарышаян
Сіз өте қарапайым жансыз. Қарапайымдылығыңыз көп адамдарға ұнайды. Өз ұстанымдарыңызбен жүре беріңіз - ол сізді жақсылыққа апарады. Қарапайымдылық әр адамға тән қасиет. Сіз өте ерекше жансыз. Бір ерекшелігіңіз сіз адамдарға көмек беруге әрдайым дайын тұрасыз. Осы бетіңізден таймаңыз. Сіздің жолыңыз ақ жол. Сіз бақытты жансыз, және бақытты болып қаласыз!
Мерген
Бүгін тосын сый алуыңыз ғажап емес. Күннің ортасына қарай жағдай жақсы жағына қарай бiраз өзгередi. Өзіңізді техникалық жабдықтардан аулақ ұстағаныңыз абзал. Кешкі уақытыңызды таза ауада серуендеумен өткізіңіз
Тауешкі
Мүмкін бүгін жақындарыңызға сізден көмек керек болып қалар, қастарында болғаныңыз жөн. Егер бір кездесу бола қалса, ол сіздің өміріңізді өзгертуі де мүмкін.
Суқұйғыш
Бос қоңырауларға жауап бермеңіз, босқа уақытыңыз кетеді және көңілізге қаяу түсіреді. Себебі, бүгін сізге хабарласатындар, олар жалған ақпарат беруші адамдар болмақ.
Балықтар
Бүгін бүкіл қиындықтарыңызға күле қарап, оларды жеңесіз. Болашаққа үлкен жоспар құрыңыздар. Егер сіз бойдақ болсаңыз, бүгін жұлдыздар сізге екінші жартыңызды табуға мүмкіндік бар екенін айтады. Үйде отырмай, отырысқа, қонаққа барыңыз. Тағдырдан қашып құтылмайсың деген сөз бар, бірақ тағдырды күтіп отырмай өзіңіздің де қимылдағаныңыз жөн болар.

anabol.kz
09 қараша 2018 ж. 838 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031