"Өліп-тірілген" тұрғынның ісімен арнайы комиссия айналысады

Еске сала кетсек, Томарлы ауылында (Атыраудың шет жағы) екі ай бұрын барлық жөн-жоралғыға сай жерленген ер адам үйіне оралды. Бұл туралы "Ақ Жайық" газеті жазған. 20 маусымда 63 жастағы Айғали Сұпұғалиев үйінен шығып, қайта оралмаған. Ол үйінен бұрандары да бірнеше аптаға кетіп қалып жүрген, сондықтан Айғалидің ағасы полицияға арызды 9 шілдеде ғана жазған. Біраз уақыттан кейін полиция моладағы денені анықтау үшін туыстарын шақырған. Табылған ер адамның мәйіті ыстықтан бұзылып кеткендіктен, оны анықтау мүмкін болмады. Осылайша ДНҚ сараптамасы жүргізіліп, Айғалимен сәйкестік 99,92 пайызды көрсеткен. "Біз сараптама нәтижесіне сеніп, жерлеу рәсімін тиісті түрде өткіздік, оған қаншама ақша жұмсадық. Мемлекетке Айғали іздеуде болған кездегі зейнетақысын қайтарып бердік. Бірақ мәселе ақшада емес. Біз кімді жерледік? Мүмкін оны да туыстары іздестіріп жатқан шығар. (...) Айғали үйге аман-сау оралғанда "өлі" ағасын көрген қызым Сәуле талып қала жаздады", - деді табылған ер адамның інісі Есенғали Сұпұғалиев.
kaz.tengrinews.kz