» » Көлік терминалы ақшаны «жұтып қойса» не істеу қажет?

Көлік терминалы ақшаны «жұтып қойса» не істеу қажет?

Көлік картасын терминал арқылы толтырғанымен, ақша түспеген жағдайда жолаушы өтініш жазып, ақшасын 48 сағаттың ішінде қайтарып ала алады. Бұл туралы қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында «Астана LRT» ЖШС төлем жүйесі департаментінің директоры Дәурен Нұрәлиев мәлім етті.«Бізде RTVM терминалдарда ақша салынғанымен, әртүрлі себептермен көлік картасына тқлемнің түспей қалған жағдайлары тіркелген. Егер терминалдағы белгілі бір қызметті дұрыс жүргізбеген жағдайда сәйкесінше, ақша түспей қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда әлгі адам кассаға жақындап, өтініш жазып, белгілі бір уақыттан кейін ақшаны қайтарып ала алады»,- деді ол әкімдікте өткен брифингте. Дәурен Нұрәлиев бұл жағдайды жақсарту бағытында да қадамдар жасалғанын сөз етті.
«Бүгіннен бастап жүйеге өзгеріс енгіздік. Жолаушы терминалда көліктік картасын толтырғанымен, ақша түспесе түбіртегі арқылы оған 48 сағаттың ішінде ақшасы қайтарылып беріледі», - деді компания өкілі.
«Астана LRT» ЖШС қызметкері сондай-ақ, терминалдардың қағаз ақшаны қабылдамау жағдайына қатысты пікірін білдірді.
 «Біздің қалада қазіргі таңда 30 RTVM терминал (көлік картасын толытратын) бар. Оның 13-і сыртта, яғни аялдамалардың қасында тұрса, 17-і түрлі ойын-сауық орталықтарында орналасқан. Бұлар қыста да ыңғайлы, себебі бұл терминалдар 2016 жылдың қараша айынан бастап тұр», - дейді Дәурен Нұрәлиев.
Оның айтуынша, компания қазіргі таңда терминалдарды жаңарту жағын қарастырып жатқан жоқ.
«Себебі, терминалдардың бағасы өте қымбат болғандықтан, алдыңғы жұмада өткен дөңгелек үстелде айтылғанындай, көлік картасын жылдам толтырудың жаңа әдістерін (QR-код арқылы) таптық. Ол туралы айтылып та жатыр. Желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде біз қала бойынша жүзге жуық агенттік, яғни пунктерді ашпақпыз. Терминалмен қазір қалай толтырсаңыз, ол пунктерде де келген мезетте толтыру мүмкіндігін береді», - деді Дәурен Нұрәлиев.

syrboyi.kz
04 қараша 2018 ж. 1 311 1

JeaCold от 23 ақпан 2019 05:52
Zithromax High Dose buy viagra Canadian Viagra Paypal

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 613
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 389

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031