» » ЕЛБАСЫ АҚШ МИНИСТРІН ҚАБЫЛДАДЫ

ЕЛБАСЫ АҚШ МИНИСТРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Кездесу барысында тараптар екі елдің сауда-экономика және инвестиция салаларындағы қарым-қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Мемлекет басшысы Сауда министрінің бұл сапары АҚШ-тың Орталық Азия өңірімен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін айқын аңғартатынын, сондай-ақ өзара экономикалық байланыстарды нығайтуға септігін ти­гі­­зетінін айтты. Нұрсұлтан Назар­бев биылғы жылдың қаңтар айын­дағы АҚШ-қа ресми сапарында жо­ғары деңгейде өткен кездесулердің нәтижелеріне тоқталды. «Кездесуде Президент Дональд Трамппен өзара түсіністікке қол жеткіздік. Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынас кеңейтілген серіктестік дең­гейіне көтерілді. Бұл туралы тиісті мәлімдемеге қол қойылды. Мен ресми сапар барысында АҚШ-тың «бизнес капитандарының» үлкен тобымен кез­­дестім. Бірлескен бизнес-форумда жалпы құны 7 миллиард АҚШ доллары болатын түрлі 27 коммерциялық құжатқа қол қойылды. Бүгінде елдеріміз арасындағы сауда көлемі 2 миллиард АҚШ долларына жетті. Биыл бұл көрсеткіш 30 пайызға өсті», – деді Қазақстан Президенті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың даму тарихына тоқталып, Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында қол қойылған келісімдер жөнінде айтты. «Қазақстан ядролық қарудан бас тартып, әлемдегі ірі ядролық полигонды жапқан соң, біз Президент үлкен Джордж Бушпен ынтымақтастық жөнінде бірінші келісімшартқа қол қойдық. Сол кезде «Шеврон» компаниясы біздің елде жұмыс істеуге ниет білдірді. Бұл компания жұмысының тарихы Қазақстанда бизнес жүргізудің қаншалықты табысты болатынын айқын көрсетеді», – деді Мемлекет басшысы.
Елбасы бүгінде Қазақстанның көп­векторлы саясат жүргізіп отыр­ға­нын және серіктес елдердің бәрімен тату қарым-қатынас орнатқанын атап өтті. Уилбур Росс Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін ризашылық білдіріп, Астананы көрген кездегі әсері жөнінде әңгімеледі. «Мен Қазақстанға бірінші рет келіп отырмын. Әуежайдан келе жатып, Астананың сәулетіне тамсана қарадым. Сіздерде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде әрі экономикаларыңыз да қарыштап дамып келеді», – деді АҚШ-тың Сау­да министрі. Сондай-ақ, У.Росс Астанаға өзімен бірге Қазақстанмен сауда-экономикалық қатынасты да­­мытуға ниет білдірген 16 аме­ри­калық компанияның делегациясы келгенін айтты. АҚШ-тың Сауда ми­нистрі Қазақстан Президентіне АҚШ Президенті Д.Трамптың ізгі тілегін жеткізіп, екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты одан әрі ны­ғайтып, кеңейте түсуге мүдделі еке­нін айтты.
30 қазан 2018 ж. 823 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930