» » ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШТЫҢ ЖЕҢІСІ

ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШТЫҢ ЖЕҢІСІ

Ақтөбе ауылындағы №109 орта мектептің оқушысы Сапар Елжан өз қолымен күн энергиясын пайдалану арқылы жүзетін қайық жасады. Осы жобасы арқылы «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» сайысының аудандық кезеңінен І орынның биігін бағындырған ол облыстық жарыс­та ІІ орынды еншіледі.
10-сыныпта оқитын бозбала түрлі жобаларды қолға алуды мақсат еткен. Әсіресе, заманауи технологияларды еркін меңгерген ол елді мекен, ауыл тұрғындарына пайдасы тиетін техникаларды дүниеге әкелгісі келеді. Бала күннен ойға алған мақсаты біртіндеп жүзеге асып келеді. Талантты жанның ұстазы әрі жетекшісі Қ.Мерекова болашақта әлемді аузына қаратқан мықты өнертапқыш болатынына сенімді.
– Ол тыным таппайды. Қашан көрсең де бірдеңемен шұғылданып отырады. Сәл түсінбей қалса, неге олай деп одан са­йын зерттеп, сол мәселені шешпейінше арқаны кеңге салмайды. Сапар Елжанның бұл қасиеті оны биік шыңға шығарарына сенімім кәміл, – деді жетекшісі.
«ҚТ» ақпарат.
30 қазан 2018 ж. 1 385 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 978
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 207

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031