» » АЙМАҚ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

АЙМАҚ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығындағы мәліметтерге сүйеніп Қызылорда облысының демографиялық ахуалына байыптасақ, тұрғындар санының артқанын байқаймыз. Облыстық статистика басқармасының мәліметінше, осы жылғы 1 тамызына облыстағы халық саны 789,8 мың адамды құрады. Соның ішінде қалалықтар – 349,7 мың (44,3%), ауылдықтар – 440,1 мың адамды (55,7%) құрады. 2017 жылғы 1 тамызымен салыстырғанда аймақтағы халық саны 11,2 мың адамға немесе 1,4% өсті.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, биылғы жылдың қаңтар-шілдесінде туылғандар саны 10981 адамды құрады. Бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырағанда 1,8% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,96 туылғандарды құрады.
Алғашқы алты айдағы облыс халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 266 адамға немесе 3,3% артып, 8434 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 18,40 адамды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 2547 адам. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 5,56 қайтыс болғандарды құрады.
2018 жылғы қаңтар-шілдесінде облыста 1 жасқа дейінгі 94 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 2,1% азайды. Нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 8,56% құрады.
Алдын-ала алынған деректер бойынша 2018 жылғы қаңтар-шілдесіндегі көші-қон алмасуы нәтижесінде Қызылорда облысынан 20715 адам кетіп, облысқа 18993 адам келді. 2017 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда облысқа келгендер саны 3,8% көбейген, ал облыстан кеткендер саны 1,0% азайған.
Алыс және жақын шет елдерге 17 адам (2017 жылғы қаңтар-шілдесінде - 12 адам), республиканың басқа облыстарынан 4916 адам келсе, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 5322 адам келген болатын.
Облыстан 6636 адам немесе жалпы көлемнің 32,0% көшуі көбінесе республиканың басқа облыстарына кетуге байланысты болды (2017 жылғы қаңтар-шілдесінде тиісінше 7949 адам немесе 38,0% кеткен болатын).
Алыс және жақын шет елдерге 27 адам, ал 2017 жылдың қаңтар-шілдесінде 24 адам көшті. Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 2018 жылдың қаңтар-шілдесінде 1722 адамға, 2017 жылғы қаңтар-шілдесінде 2639 адамға кему қалыптасқан.
Облыстың 14052 тұрғыны Қызылорда аумағында тұрғылықты орнын ауыстырды (2017 жылғы қаңтар-шілдесінде 12958 адам).












Қызылорда облысының Статистика департаменті


21 қыркүйек 2018 ж. 1 017 1

JeaCold от 26 ақпан 2019 19:28
Tadalafil Cheapest Online Bentyl Cash Delivery For Sale Cialis Achat En Ligne Canada viagra Acheter Kamagra 100mg

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031