| Бұл туралы облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекееваның қатысуымен Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында белгілі болды. Сонымен қатар, жиын барысында департамент басшысы халықтың ақшалай табысы мен шығыс көрсеткіштерін баяндап берді. – Қызылорда облысы бойынша 2018 жылдың 2 тоқсанында халықтың ақшалай табысы 121,6 мың теңгені құрады, бұл 2017 жылдың 2 тоқсанымен салыстырғанда 10,9 пайызға жоғары. Есептік кезеңде ақшалай шығыстардың құрылымының тұтыну шығыстары – 92,4%, кредит пен борышты өтеу – 4,1%, туыстары мен таныстарына материалдық көмек, алименттер және басқа төлемақылар – 3,5%-ды құрады. Халықтың тұтыну шығыстарының жалпы құрылымының жартысынан көбін (58,8%) азық-түлік тауарлары, 23,2% азық-түлік емес тауарлар, 18,8% - ақылы қызметтер құрады. 2018 жылдың 2 тоқсанында облысымыздың халқы, орташа адам басына шаққанда азық-түлік тауарларына 63,0 мың теңге жұмсады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,4% жоғары, - деді Мариям Баекеева.
|
Пікір 1