Мәслихаттар сайлауы
» » ДӘСТҮР МЕН ИННОВАЦИЯ ҮНДЕСТІГІ: ҚАРМАҚШЫДА ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

ДӘСТҮР МЕН ИННОВАЦИЯ ҮНДЕСТІГІ: ҚАРМАҚШЫДА ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ


2026 жылғы 25 қараша күні Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің Елеу Көшербаев атындағы №279 мектеп-лицейі базасында «БӘД: дәстүр мен инновация тоғысқан заманауи әскери-патриоттық тәрбие» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.

Семинардың негізгі мақсаты – бастапқы әскери дайындық пәнін оқытуда ұлттық құндылықтар мен әскери дәстүрлерді заманауи инновациялық технологиялармен ұштастыру, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру және әскери-патриоттық тәрбиенің озық тәжірибелерін тарату.

Маңызды басқосуға Қызылорда қаласы, Жаңақорған, Шиелі және Қармақшы аудандарының білім бөлімдері әдіскерлері мен облыстың бастапқы әскери дайындық пәні мұғалімдері қатысты.

Семинардың салтанатты ашылуы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын енгізу және Мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталды. Одан әрі әскери-патриоттық парад ұйымдастырылып, қатысушылар назарына зымыран макетінің ұшырылуы ұсынылды. Байқоңырдың ғарыштық даңқын айшықтаған бұл көрініс туған жерге деген мақтаныш сезімін оятып, жас ұрпақтың ел тарихы мен ғылым жетістіктеріне деген қызығушылығын арттырды.

Семинар бағдарламасы аясында пәнді оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін қамтыған ашық сабақтар, практикалық жұмыстар мен танымдық алаңдар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, №274 орта мектебінің мұғалімі Б.А.Тенизбаев «Алғашқы көмек: тез және дұрыс әрекет ет», №277 мектеп-лицейінің мұғалімі Қ.Аймбетов «Жаһандық қауіп: жаппай қырып-жою қаруы» тақырыптарында ашық сабақтар өткізіп, педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ мектеп мұражайына саяхат ұйымдастырылып, білім алушылардың тарихи танымын кеңейтуге бағытталған жұмыстар таныстырылды. БӘД пәні мұғалімдері А.Дүйсенбеков пен М.Әлмұрат «Отанды қорғау – әрбір азаматтың парызы: халықтың әскери қызметке көзқарасы» тақырыбында ашық алаң өткізіп, өзекті мәселелерді талқылады.

Ал №284 мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының мұғалімі Ә.С.Ерекешов «Ұлт ұланы» тақырыбында спорттық эстафета ұйымдастырса, №269 орта мектебінің мұғалімі Е.М.Алжанов «Бақылаудағы дрон: басқару және қарсы әрекет» тақырыбындағы панорамалық сабағын ұсынды.

№279 мектеп-лицейінің мұғалімі Д.Д.Джубанышев «Болашақтың әскері адам күші емес, жасанды интеллект» тақырыбында дебат ұйымдастырып, жасанды интеллектінің әскери саладағы рөлі жөнінде білім алушылардың сыни ойлау және дәлелді пікір айту дағдыларын дамытуға ықпал етті. Сонымен қатар №85 орта мектебінің мұғалімі Д.Б.Бибитбаев әскери рухтағы көңілді үзіліс өткізіп, семинар мазмұнын ерекше серпінмен толықтырды.

Іс-шара барысында дәстүрлі әскери тәрбие мен заманауи технологияларды сабақтастыру, практикалық дағдыларды қалыптастыру, оқушылардың бойына тәртіп, жауапкершілік, батылдық және Отанға деген сүйіспеншілік қасиеттерін сіңіру мәселелері кеңінен қамтылды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, пәнді оқытудың тың әдістері мен тиімді тәсілдерін талқылады.

Семинардың қорытынды бөлімінде Елеу Көшербаев атындағы №279 мектеп-лицейі оқушыларының орындауында «Үш дәуір. Бір рух» атты композициялық қойылым сахналанды. Тарихи кезеңдер сабақтастығын, ата-баба ерлігі мен бүгінгі ұрпақтың ел алдындағы жауапкершілігін бейнелеген тағылымды қойылым қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Шара патриоттық әндермен қорытындыланды.

Облыстық семинар – әскери-патриоттық тәрбиенің мазмұнын жаңғыртуға, озық педагогикалық тәжірибені таратуға және жас ұрпақтың бойында елжандылық рухты қалыптастыруға бағытталған маңызды тәжірибе алаңына айналды.

Ел қорғаны болар ұрпақ тәрбиелеу – баршамызға ортақ міндет!

26 қараша 2026 ж. 56 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (10557)

24 қараша 2026 ж.

№88 (10556)

21 қараша 2026 ж.

№87 (10555)

16 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 471
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 581

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30