Мәслихаттар сайлауы
» » «ҚЫС-2026»: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

«ҚЫС-2026»: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Қармақшы ауданы аумағында қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға бағытталған «Қыс-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды.

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қыс мезгілінде туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу, олардың салдарын жою, сондай-ақ төтенше жағдайларға жедел әрекет ету дайындығын пысықтау.

Командалық іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып, аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының дайындығы тексеріліп, қысқы кезеңде орын алуы ықтимал төтенше жағдайлар кезінде атқарылатын жұмыстар пысықталды. Атап айтқанда, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, тиісті қызметтердің өзара іс-қимылын үйлестіру және шұғыл әрекет ету мәселелеріне басымдық берілді.

Республикалық оқу-жаттығуға аудандық азаматтық қорғау қызметтерінен барлығы 110 адам мен 37 техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, «Қысқы кезеңдегі жағдайларда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау» тақырыбында ұйымдастырылған тәжірибелік шара 19-20 қараша айлары аралығында өткізілді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

20 қараша 2026 ж. 94 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10556)

21 қараша 2026 ж.

№87 (10555)

16 қараша 2026 ж.

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 404
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 529

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30