Топ-баннер
» » «КӨКТЕМ–2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

«КӨКТЕМ–2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ


Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі және облыс әкімдігінің ұйымдастыру нұсқаулығына сәйкес аудан аумағында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде «Көктем–2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

Көктем мезгілінде орын алуы ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен құралдардың дайындығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған оқу-жаттығуға аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов, Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадіров қатысып, практикалық шаралардың орындалу барысын бақылады.

Аудандық азаматтық қорғау қызметтері мен Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласы аумақтық бөлімшелерімен бірлесе ұйымдастырылған жаттығу барысында су тасқыны қаупі төнген жағдайда басқару органдарының іс-қимылы пысықталып, азаматтық қорғау қызметтерінің жедел әрекет ету тетіктері тексерілді.

Сонымен қатар, су басу ықтималы жоғары аймақтардағы қорғаныс бөгеттерін нығайту және көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар да тексерілді.

Жалпы оқу-жаттығуға арнайы техника мен жеке құрам практикалық дайындықтан өтіп, мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, «2026 жылы көктемгі кезеңдегі су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуында төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу» тақырыбында өткізілген оқу-жаттығу 25-27 ақпан күндері аралығында жалғасатын болады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

26 ақпан 2026 ж. 68 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (10482)

24 ақпан 2026 ж.

№14 (10481)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 498
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 328

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728