Мәслихаттар сайлауы
» » «МЕКТЕП ТЕАТРЫ» – ТӘРБИЕ МЕН ТАҒЫЛЫМ АЛАҢЫ

«МЕКТЕП ТЕАТРЫ» – ТӘРБИЕ МЕН ТАҒЫЛЫМ АЛАҢЫ


«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 17 қараша күні №26 мектеп базасында «Мектеп театры» жобасы аясында аудандық байқау кезеңі өткізілді.

Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға және өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстануға баулу, сондай-ақ өзара сыйластық пен қауіпсіз қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Байқау барысында оқушылар құқық бұзушылық, лудомания, нашақорлық, буллинг, кибербуллинг, интернет-алаяқтық және деструктивті діни ағымдардың алдын алу тақырыптарын театр өнері арқылы сахналап, аталған әлеуметтік мәселелердің зардаптарын көрерменге әсерлі жеткізді.

Байқау қорытындысы бойынша
І орын – №26 мектеп
ІІ орын – №269 және №80 мектептер
ІІІ орын – №99, №108 және №106 мектептер.

Байқауға қатысқан барлық оқушылар мен жетекшілерге шығармашылық табыс, тың идеялар және жаңа жетістіктер тілейміз!
Өнер арқылы ой салу, сахна арқылы сана қалыптастыру – жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды қадам!

18 қараша 2026 ж. 31 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10555)

16 қараша 2026 ж.

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 376
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 507

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30