Мәслихаттар сайлауы
» » Қазақстанда алғаш рет жасанды интеллект көмегімен заң жобасы әзірленді

Қазақстанда алғаш рет жасанды интеллект көмегімен заң жобасы әзірленді

Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстанда балалардың цифрлық және ақпараттық қауіпсіздігін қорғауға арналған заң жобасы алғаш рет жасанды интеллект көмегімен дайындалды. Құжат «AI-Quryltai» платформасында әзірленген алғашқы заң жобасы болды. Бұл туралы Үкімет сағатында Құрылтайдың вице-спикері Динара Зәкиева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Динара Зәкиеваның айтуынша, «AI-Quryltai» платформасында 800 мыңнан астам нормативтік құқықтық акт жинақталған. Арнайы оқытылған заңнамалық модель алғаш рет заң жобасының мәтінін әзірлеуге тікелей атсалысқан.
«Мәселен, платформаның көмегімен жаңа қауіптер мен цифрлық технологиялардың дамуын ескере отырып, балаларды цифрлық және ақпараттық ортада қорғау жөніндегі шаралар кешені пысықталды. Бұл шаралар барлық платформаларға «ата-ана бақылауы» тетігін енгізуге қатысты болып отыр. Яғни, балаларға арналған «сүзгі» енгізіліп, сәйкесінше барлық таңбаланбаған және тексерілмеген цифрлық және ақпараттық өнімдер, қосымшалар, ойындар балаға қолжетімсіз болады. Сондай-ақ платформаларға барлық цифрлық өнімдерді, соның ішінде қосымшалар мен ойындарды таңбалау, оларды верификациялау, сондай-ақ қауіптер мен бұзушылықтар анықталған жағдайда бұғаттау жөніндегі талаптарды енгізу ұсынылады. Барлығы 120-дан астам түзету әзірленді», деп атап өтті Динара Зәкиева.
Заң жобасын әзірлеу кезінде жасанды интеллект қалыптастырған барлық ұсынысты депутаттар заңгерлердің, ақпараттық және цифрлық қауіпсіздік саласындағы сарапшылардың қатысуымен тексеріп, қосымша пысықтаған. Қазір заң жобасы Үкіметтің қорытындысын алуға жолданған. Оны пысықтау Құрылтайдың жұмыс тобында жалғасады.
16 қараша 2026 ж. 84 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10555)

16 қараша 2026 ж.

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 361
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 500

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30