» » Елімізде енді оқушыларды жасанды интеллект репетиторлары оқытады

Елімізде енді оқушыларды жасанды интеллект репетиторлары оқытады

Қазақстанда биыл білім беру саласына жасанды интеллектіні (ЖИ) енгізу жұмыстары күшейтілмек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжановтың айтуынша, министрлік ұлттық цифрлық профильдер жүйесін және Ұлттық білім беру платформасын құруға кірісті. 
– Осы мақсатта Ұлттық білім беру деректер базасы жаңғыртылады. Ол барлық LMS жүйесі, яғни электронды күнделіктер мен журналдар үшін бірыңғай деректер қоймасына айналады. Бұл барлық мәліметті QazTech мемлекеттік бұлтты платформасында шоғырландыруға мүмкіндік береді, – деді Ахметжанов. 
Оның айтуынша, бұл мұғалімдердің күнделікті жұмыс жүктемесін азайтады. Мәселен, Жасанды интеллект агенттері педагогикалық кеңестерге дайындық кезінде көмек көрсете алады.
– 2026-2027 оқу жылынан бастап пилоттық өңірлердегі шағын жинақты мектептерге арналған Qazaq Digital Mektebi жобасы іске қосылады. Бұл жоба аясында Жасанды интеллект репетиторлары да қолданылады. 2026 жыл бойы 200 мыңнан астам педагог жасанды интеллектпен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгереді, – деді Асылбек Ахметжанов.
Сонымен қатар, оқушылар арасында жасанды интеллект сауатын арттыруға ерекше назар аударылатыны айтылды.
04 қаңтар 2026 ж. 273 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930