» » "Қазақтелеком" NVIDIA негізінде Орталық Азиядағы тәуелсіз жасанды интеллект зауытын іске қосты

"Қазақтелеком" NVIDIA негізінде Орталық Азиядағы тәуелсіз жасанды интеллект зауытын іске қосты

Әлемдік технологиялық көшбасшы NVIDIA компаниясы алғаш рет Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы жетістіктерін атап өтті. Мәлімдеулерінше, Қазақтелеком Орталық Азиядағы жасанды интеллект (ЖИ) инфрақұрылымын дамытуда ерекше рөл атқарып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі developer.nvidia.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
NVIDIA блогының мәлімдеуінше, ЖИ дамыған кезде елдер деректерін сақтау және өңдеу мәселелеріне мән беру керек. Осы мақсатта әр мемлекет өз ЖИ инфрақұрылымын құрып жатыр. Бұл бастама тек технологиялық емес, стратегиялық сипатқа ие: ұлттық тілді, мәдениетті, заңнаманы ескеретін шешімдер қажет. Сонымен қатар бұл бағыт білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызметтер және экономикаға серпін береді дейді.
Бүгінде Азия, Еуропа, Америка және Африкадағы ірі телекомпаниялар осындай фабрикаларды іске қосып жатыр. SoftBank (Жапония), Singtel (Сингапур), Ooredoo (Катар), Fastweb (Италия), TELUS (Канада), Cassava Technologies (Африка) және басқа да компаниялар ұлттық деңгейде ЖИ шешімдерін дамытып жатыр.
Орталық Азияда бұл бастаманы Kazakhtelecom қолға алған.
“Қазақстан жасанды интеллект саласында өзінің үлкен тілдік моделін (LLM) әзірлеуді және негізгі салаларда ЖИ шешімдерін енгізуді қамтитын ауқымды ұлттық бастаманы көтерді. Жергілікті инфрақұрылымды қалыптастыруд үшін “Қазақтелеком” NVIDIA GPU және NVIDIA AI Enterprise бағдарламалық платформасы негізіндегі коммерциялық жасанды интеллект фабрикасын іске қосып жатыр. Ол осы жазға жоспарланған.
Платформа бүкіл ел бойынша мемлекеттік органдар, жеке компаниялар, стартаптар мен университеттер үшін қолжетімді және қауіпсіз бұлттық сервис болмақ. Бұл әуе көлігі, банк ісі, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі, мұнай-газ сияқты негізгі салаларға жасанды интеллект негізіндегі озық үлгілер мен шешімдерді пайдалануға мүмкіндік береді”, – делінген хабарламада.
01 маусым 2025 ж. 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930