Мәслихаттар сайлауы
» » Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қарашаның 14-16 күндері елдің басым бөлігінде жаңбыр және қар аралас жаңбыр жауады. Тек Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанған, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 қарашада еліміздің батысында қатты жаңбыр, ал 16 қарашада Батыс Қазақстан облысында қар аралас жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ, түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болжанады.
Елдің батысында түнде ауа температурасы +2+8°С-тан +6+11°С-қа дейін жоғарылайды. 16 қарашада -2+3°С-қа дейін аздап төмендейді. Күндіз +8+13°С-тан +1+8°С-қа дейін төмендейді.
Оңтүстік-батыста түнде ауа температурасы +4+9°С-тан 0,+5°С-қа дейін, күндіз +10+15°С-тан +5+10°С-қа дейін төмендейді.
Солтүстік-батыста түнде ауа температурасы негізінен -3+3°С, күндіз +2+9°С-тан +4+11°С-қа дейін аздап жоғарылайды.
Солтүстікте түнде ауа температурасы негізінен -5+2°С, күндіз -2+3°С-тан 0,+5°С-қа дейін аздап жоғарылайды. Павлодар облысында түнде -3-8°С-қа дейін, күндіз -2+3°С-қа дейін төмендейді.
Орталықта түнде ауа температурасы негізінен -2-10°С, күндіз -3+5°С болады.
Елдің шығысында ауа температурасы түнде -1-8°С-тан -6-13°С-қа дейін төмендейді, күндіз негізінен -5+3°С болады.
Республиканың оңтүстігінде түнде ауа температурасы негізінен -5+3°С, күндіз +5+12°С-тан +7+15°С-қа дейін жоғарылайды.
Оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы -1-6°С-тан -5-10°С-қа дейін, таулы аудандарда -9-14°С-тан -13-18°С-қа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы +2+10°С-тан 0,+8°С-қа дейін, таулы аудандарда -1-6°С-тан -3-8°С-қа дейін төмендейді.
14 қараша 2026 ж. 60 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 342
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 475

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30