17-19 қазан аралығында ауа райы қандай болады?
17-19 қазан аралығында елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қар, ал батыста жаңбыр жауады. Тек Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанған, деп хабарлайды Egemen.kz.Республика бойынша тұман түседі, елдің шығысында көктайғақ күтіледі. Батыс өңірлерде найзағай ойнайды. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде 1-7 градус аяз болады.
Ауа температурасы:
- Батыста күндіз ауа температурасы негізінен +18…+25 °C болады.
- Солтүстік-батыста түнде ауа температурасы 0…+5 °C-тан −1…−6 °C-қа дейін, күндіз +13…+18 °C-тан +15…+20 °C-қа дейін аздап құбылады.
- Солтүстікте түнде ауа температурасы 0…+5 °C-тан −1…−6 °C-қа дейін, күндіз +6…+12 °C-тан +12…+17 °C-қа дейін аздап өзгереді.
- Орталықта күндіз ауа температурасы негізінен +10…+20 °C болады.
- Шығыста: түнде ауа температурасы 0…+5 °C-тан −1…−6 °C-қа дейін аздап құбылады. Күндіз негізінен +3…+12 °C, таулы аудандарда −2 °C болады.
- Оңтүстікте ауа температурасы түнде +2…+7 °C, күндіз +18…+25 °C болады.
- Оңтүстік-шығыста күндіз +10…+18 °C, таулы аудандарда +3…+8 °C болады.
















