Мәслихаттар сайлауы
» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ


«Руханият» орталығында аудан әкімінің тапсырмасымен мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан бас тартыну, мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмау, сонымен қатар мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушілік фактілерінің алдын алу, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында аудан әкімі аппаратының кадр жұмысы (персоналды басқару) бөлімінің басшысы Индира Уразбаева Мемлекеттік қызмет туралы заңнама және Әдеп кодексі талаптарына тоқтатылып өтті. Сонымен қатар аудандық Әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Раева мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушілік пен қысым көрсету фактілерінің алдын алу бағытында түсіндірме беріп өтсе, аудандық қоғамдық даму бөлімінің жетекші маманы Рахат Бақытжанұлы қатысушыларға деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсудің алдын алу, олардың қызметіне араласпау жөнінде ақпаратын ұсынды.

Осындай мазмұндағы іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға, құқықтық және діни сауаттылығын нығайтуға, қызметтік ортада өзара құрмет пен сенімді қалыптастыруға бағытталған.

12 қараша 2026 ж. 59 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 311
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 457

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30