» » NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ САРАЛАНДЫ

NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ САРАЛАНДЫ


Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен NEET санатындағы жастар мәселелері талқыланған мәжіліс өтті.

Онда аймақ басшысы осы санаттағы жастарды қолдаудағы жүйелі шаралардың маңызын атап өтті.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жастардың білім алуына, мамандық игеруіне және жұмыспен қамтылуына қолайлы жағдай жасау үшін нақты міндеттер айқындалды. Бүгінде облысымызда 249 401 жас бар. Бұл – халықтың 29,4 пайызы, жастар саны бойынша республикада 9 орындамыз.

Аталған санаттағыларды анықтау және жүйелі әрі кешенді жұмыс жүргізу назардан тыс қалмауы қажет. Қызылорда қаласы және аудан әкімдерімен бірлесіп, «Отбасылық цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде NEET санатындағы жастарды толық өзектендіріп, жыл соңына дейін әлеуметтік портретін айқындауды тапсырамын.

Тағы бір маңызды мәселе – жастарға арналған бағдарламалардың жүзеге асуы. Олардың әлеуметтік бейімделуі тікелей мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың төңірегінде атқарылуы қажет.

Жұмыссыздарды азайту үшін оларды белгілі бір кәсіпке бейімдеп, қысқа мерзімді оқытуларға жолдап, бос уақытын тиімді ұйымдастыруымыз қажет. Бұл ретте қала және аудан әкімдері, әр жастың әлеуметтік жағдайын, тұрмыс-тіршілігін толық зерделеңіздер», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Жиында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Руслан Қаюпов баяндама жасады.

Өткен 9 айда өңірде жастарды жан-жақты қолдау бағытында 1 537 шара ұйымдастырылып, 45 мыңға жуық адам қамтылған. Сондай-ақ, әлеуметтендіру бағытында 57 мәрте «Мүмкіндіктер алаңы» шарасы өткізіліп, 2 мыңға жуық бос жұмыс орны ұсынылды.

Облыс әкімі жауапты сала басшыларына игі бастаманы жалғастыруды, тағы бірқатар нақты міндетті жүктеді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

09 қараша 2026 ж. 55 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 289
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 441

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30