ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА – ТӘУЕЛСІЗДІК НЫШАНЫ
15 қараша – Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңге күні.
Осы мерекеге орай Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектебінің 7 «А» сыныбында «Ұлттық валюта – тәуелсіздік нышаны» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларға ұлттық валютамыз – теңгенің шығу тарихы, қалыптасуы мен еліміздің экономикалық тәуелсіздігіндегі маңызы туралы түсінік беру. Ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға, елжандылыққа және қаржылық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
• Ұлттық валютамыз – теңгенің тарихы мен ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейту;
• Теңгенің ел тәуелсіздігінің маңызды нышаны ретіндегі рөлін түсіндіру;
• Оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, ақшаны тиімді әрі ұқыпты пайдалануға үйрету;
• Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сынып жетекшісі А.Елесханқызы тәрбие сағаты барысында оқушыларды теңгенің тарихымен таныстырып, ұлттық валютаның еліміздің тәуелсіздігі мен экономикасындағы маңызы туралы ой бөлісті. Өз білімдерін ортаға салып, қызықты тапсырмалар орындады.
Ұлттық валютамыз – теңге еліміздің егемендігі мен экономикалық дербестігінің айқын белгісі.















