Құрылтай
» » Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды

Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды

Қазақстанда бүгіннен бастап республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция күшіне енді. Жаңа Ата заңда теңгенің Қазақстан Республикасының дербес ұлттық валютасы екені және оны айналымға шығару құқығы тек Қазақстан Республикасына тиесілі екені ресми түрде бекітілді.

Теңгенің ұлттық валюта, төлем және жинақтау құралы ретіндегі құқықтық мәртебесі Қазақстанның валюта саласындағы дербестігін айқындайды. Бұл ұлттық валютаны эмиссиялау құқығының тек мемлекетке тиесілі екеніне кепілдік беріп, елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі теңгенің айрықша рөлін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бұл шешімнің стратегиялық әрі институционалдық маңызы зор екенін атап өтеді.

Ұлттық валютаның конституциялық мәртебе алуы ұзақмерзімді ақша-кредит саясатын жүргізудің құқықтық негізін күшейтеді. Мемлекеттің ұлттық валютаны шығару құқығын Конституцияда бекіту қаржылық тұрақтылыққа оң ықпал етіп, азаматтардың, бизнестің және халықаралық серіктестердің ұлттық ақша жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал етеді. Бұл құқықтық өзгерістер елдің орнықты экономикалық дамуы мен макроэкономикалық тұрақтылығына берік негіз қалайды.

Жаңа конституциялық нормаларды басшылыққа ала отырып, Ұлттық Банк инфляцияны тежеуге, баға тұрақтылығын қаматмасыз етуге және Қазақстанның қаржы жүйесінің орнықтылығын арттыруға бағытталған жүйелі саясатын жалғастыра береді.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz
01 шілде 2026 ж. 247 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 632
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 092

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31