» » ТӨЛ ТЕҢГЕ – ТӘУЕЛСІЗДІК НЫШАНЫ

ТӨЛ ТЕҢГЕ – ТӘУЕЛСІЗДІК НЫШАНЫ

Фото
Экономиканың темірқазығы саналатын теңгемізге биыл 31 жыл толып отыр. 1997 жылы сол кездегі Президент Жарлығымен 15 қараша төл валютамыздың әрі қаржыгерлер күні болып белгіленген болатын.
Бәріміз білетіндей, 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00- де аяқталды. Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп, бір теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.
Ол уақыттан бері төл теңге талай қилы кезеңнен өтті. 1993 жылдың қарашасына дейін эмиссиялау қызметін тек қана КСРО мен мемлекеттік банк, кейіннен Ресейдің Орталық банкі атқарып келді. Ол кезде Қазақстан аумағында төлем құралы ретінде КСРО Мемлекеттік банкінің немесе Ресей Орталық банкінің 1961-1991 жылдары шығарған рубльдегі банкноталары мен монеталары қызмет етті. КСРО ыдырағаннан кейін оның құрамындағы кейбір республикалар өздерінің ұлттық ақша бірлігін айналымға енгізіп, яғни «рубль аймағынан» шығып кеткен болса, ал біздің республикамыз сол аймақта екі жыл бойы қалды. Оның басты себебі, Қазақстанда өзінің банкноттар шығаратын фабрикасы мен Монета сарайы болмады.
Жалпы ұлттық валютаға деген ұмтылыс 1992 жылы жасалып, сол жылы 27 тамызда Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекіткен-ді. Ертеңінде қазақ валютасын өмірге әкелген Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанады. 1993 жылы алғашқы теңге партиясы Англияның ең көне әрі әйгілі «Харрисон және ұлдары» фабрикасында басылып, теңгені елге тасымалдау үшін төрт ИЛ-86 ұшақтары Англияға 18 мәрте қатынаған.
Көп ұзамай, яғни 1995 жылы 19 мамырда елімізде Банкнот фабрикасы ресми түрде ашылды. Ұлттық банк дерегі бойынша, сол жылы 83 миллионнан аса, бір жылдан кейін 104 миллионнан аса банкнот шықты.
Бұдан бөлек, осы жылдар аралығында валютамыздың түртүсі бірнеше рет өзгертіліп жаңартылды. Қорғаныс белгілері де жетілдірілді. Ал коллекциялық монеталар халықаралық байқауларда үздік деп танылып, бірінші орындарды иеленіп келеді. Мамандардың айтуынша, теңге әлемде қолдан басып шығарылуы қиын валюталар қатарына жатады екен. Кейінгі кездері теңгенің тынысы сәл тарылып, құнсызданып бара жатқанымен теңгенің тұғыры тұрақты екеніне сенім мол.
Дайындаған Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
15 қараша 2024 ж. 85 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 099

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031