Қармақшыда «Көшпелі керуен» аясында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті

Қармақшы ауданының ІІІ Интернационал ауылында «Қоғамдық келісім және тіл орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Көшпелі керуен» жобасы аясында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.
Кездесуді орталық директоры Бақытжан Камалов жүргізіп, қоғамдағы этносаралық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту, жалпыұлттық бірегейлікті қалыптастыру мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар «Адал азамат» тұжырымдамасы, еңбек адамының қоғамдағы орны, заң мен тәртіп қағидаттарын сақтау және өскелең ұрпақтың бойында жауапкершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру жөнінде ой қозғады.
Кездесу барысында түрік этномәдени бірлестігінің белсендісі Дильфура Байрактарова да сөз сөйлеп, қоғамда орын алып жатқан өзекті мәселелерге тоқталды. Ол ел ішіндегі татулық пен достықты сақтау, ұлтаралық сыйластықты нығайту және жастарды адал еңбекке баулу – баршаға ортақ міндет екенін атап өтті.














