» » Ұлтаралық бірлікті нығайту — міндетіміз

Ұлтаралық бірлікті нығайту — міндетіміз

qarmaqshy-tany.kz Өткен аптада облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов бастаған топ аудан әкімдігі өкілдері және Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылым мүшелерімен кездесті.

Кездесу барысында Бақытжан Жарылқасынұлы жұмыс жоспарымен бөлісіп, алдағы атқарылар ауқымды шараларға тоқталып өтті.
– Қазақстан халқы Ассамблеясы» ұлттық бірліктің мемлекеттік саясатының сенімді тірегі, әрі тұрақтылықты нығайтуда маңызды рөл атқарып келеді. Осы күнге дейін өңірлік ассамблея жұмысына оң баға берілді. Осы бағыттан таймай өздеріңізбен бірлесіп, иық тіресіп жұмыс істейміз деген сенімдемін, – деді ол.

Сондай-ақ, қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлікті нығайту, этносаралық қатынастың негізі ретінде – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, сессияда көтерілген мәселелерді кезеңкезеңімен жүзеге асыру, отбасы құндылығын дәріптеу, жастарды еңбекке баулу және тағы басқа мәселелер бойынша маңызды міндеттерді бірігіп атқаратындығын алға тартты. Арандатушылыққа жол бермеуге, осы бағытта жұмыс жасауға шақырды.
Кездесу барысында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Аман Абасилов, аудандық Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесінің төрағалары және кәсіби медиаторлар сөз сөйлеп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Өз кезегінде аудандық құрылым мүшелері бұдан әрі де ынтымақшылдық негізінде бірлік пен келісімді нығайтуға дайын екендерін білдірді.
«Қт» ақпарат
26 қазан 2023 ж. 310 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 381
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 171

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930