9 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болады?
9 қараша, дүйсенбі күні Қазақстанның солтүстік өңірлерінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Ал оңтүстік аймақтарда күн жылы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Астана: құбылмалы бұлтты. Түнде кей уақытта қатты жаңбыр мен қар жауады. Күндіз де жауын-шашын болады. Жел 9-14, түнде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз +4...+6°C, кейін төмендейді.
Алматы: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде +8...+10°C, күндіз +22...+24°C.
Шымкент: құбылмалы бұлтты. Түнде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр жауады. Жел 8-13, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде +13...+15°C, күндіз +18...+20°C.
Ақтау: бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде кей уақытта тұман түседі. Жел 9-14 м/с. Түнде +4...+6°C, күндіз +7...+9°C.
Ақтөбе: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде -1...-3°C, күндіз +2...+4°C.
Атырау: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел 2-7, күндіз 5-10 м/с. Түнде +1...+3°C, күндіз +4...+6°C.
Жезқазған: құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел 9-14 м/с. Түнде +9...+11°C, күндіз +11...+13°C.
Қарағанды: құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел 9-14, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с. Түнде +7...+9°C, күндіз +10...+12°C.
Көкшетау: құбылмалы бұлтты. Түнде кей уақытта қатты жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде -1...-3°C, күндіз -1...+2°C.
Қонаев: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14, кей уақытта екпіні 18-23 м/с. Түнде +6...+8°C, күндіз +22...+24°C.
Қостанай: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман түседі. Жел 5-10 м/с. Түнде -3...-5°C, күндіз +1...+3°C.
Қызылорда: бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел 7-12 м/с. Түнде +10...+12°C, күндіз +14...+16°C.
Павлодар: құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады. Тұман түседі. Жел 7-12 м/с. Түнде +5...+7°C, күндіз +9...+11°C.
Петропавл: құбылмалы бұлтты, аздаған жаңбыр мен қар жауады. Көктайғақ, тұман болады. Жел түнде 4-9, күндіз 9-14 м/с. Түнде -1...-3°C, күндіз +1...+3°C.
Семей: құбылмалы бұлтты. Түнде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр жауады. Жел 7-12, екпіні 15-20 м/с. Түнде +5...+7°C, күндіз +13...+15°C.
Талдықорған: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Түнде +1...+3°C, күндіз +23...+25°C.
Тараз: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14, таңертең және күндіз екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Түнде +12...+14°C, күндіз +22...+24°C.
Түркістан: құбылмалы бұлтты. Жаңбыр, найзағай болады. Күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Жел 8-13, екпіні 15-20 м/с. Түнде +13...+15°C, күндіз +17...+19°C.
Орал: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман түседі. Жел 7-12 м/с. Түнде -4...-6°C, күндіз +1...+3°C.
Өскемен: бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде +7...+9°C, күндіз +15...+17°C.












