» » 5 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда қар, көктайғақ және боран күтіледі

5 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда қар, көктайғақ және боран күтіледі

«Қазгидромет» мәліметінше, Қазақстанда 5 қазанда ауа райы күрт өзгереді. Елдің солтүстігі мен орталығында қар жауып, кей жерлерде көктайғақ пен бұрқасын болады. Батыс өңірлерде желдің екпіні секундына 30 метрге дейін күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Астанада күн бұлтты, жаңбыр мен қар жауады. Жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары болады. Түнде ауа температурасы 0...+2°C, күндіз +3...+5°C.
Алматыда күн бұлтты, жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Жел 3-8 м/с, кей уақытта екпіні 15-18 м/с. Түнде +8...+10°C, күндіз +12...+14°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +7...+9°C, күндіз +14...+16°C.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Жел 9-14 м/с, түнде екпіні 15-18 м/с болады. Түнде +9...+11°C, күндіз +16...+18°C.
Ақтөбеде күн бұлтты, жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде 0...+2°C, күндіз +9...+11°C.
Атырауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде +3...+5°C, күндіз +15...+17°C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде және күндіз +10...+12°C, кейін ауа температурасы төмендейді.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +1...+3°C, күндіз +5...+7°C.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жаңбыр мен қар жауады. Жел 15-20 м/с. Түнде 0...+2°C, күндіз +3...+5°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +8...+10°C, күндіз +13...+15°C.
Қостанайда күн бұлтты, жаңбыр, қар, төменгі бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Түнде -1...-3°C, күндіз +1...+3°C.
Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, шаңды дауыл күтіледі. Жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде +5...+7°C, күндіз +16...+18°C.
Павлодарда күн бұлтты, жаңбыр мен қар жауады. Жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +3...+5°C, күндіз +10...+12°C.
Петропавлда күн бұлтты, жаңбыр, қар, төменгі бұрқасын және көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде 0...+2°C, күндіз +2...+4°C.
Семейде құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 7-12 м/с, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +7...+9°C, күндіз +13...+15°C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Жел 7-12 м/с. Түнде +7...+9°C, күндіз +11...+13°C.
Таразда құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с. Түнде +8...+10°C, күндіз +14...+16°C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +6...+8°C, күндіз +14...+16°C.
Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман түседі. Жел 9-14 м/с. Түнде -1...-3°C, күндіз +10...+12°C. Таңертең тұман күтіледі.
Өскеменде құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады. Күннің бірінші жартысында жаңбыр жауады. Жел 7-12 м/с, екпіні 15-20 м/с, түнде кей уақытта 23 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +10...+12°C, күндіз +13...+15°C.
04 қазан 2026 ж. 50 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 972
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031