» » Кей өңірде жауын-шашын болады: жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Кей өңірде жауын-шашын болады: жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 9 наурыз, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
«Қазақстанда ауа райы әлі де солтүстік-батыс циклонын айқындайтындықтан, ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, елдің оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын болжанады», - делінген хабарламада.
Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын болады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында оңтүстік-батыс 30 м/с жел күшейеді.
Астанада құбылмалы бұлтты, өткінші қар жауады, көктайғақ болады, тұман түседі, 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -12...-14°C, күндіз -8...-10°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, қар жауады, тұман түседі, жолдар көктайғақ болады, 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +6…+8°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +10...+12°C.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +8...+10°C.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 6-11 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -7...-9, күндіз -1...-3°С.
Атырауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз +4...+6°C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 10-12 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз -2...-4°C.
Қарағандыда күн бұлтты, қар жауады, бұрқасын, көктайғақ, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз -3...-5°C.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -16...-18°C, күндіз -8...-10°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, қар жауады, тұман түседі, жолдар көктайғақ болады, жел 9-14, екпіні 18-23 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +4…+6°C.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -15...-17°C, күндіз -5...7°C.
Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, көктайғақ, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +4...+6°C.
Павлодарда күн бұлтты, қар жауады, бұрқасын, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -11...-13°C, күндіз -6...-8°C.
Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел түнде 5-10, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -24...-26°C, күндіз -10...-12°C.
Семейде күн бұлтты, жаңбыр, қар, бұрқасын, көктайғақ, жел 7-12, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -1…-3°C, күндіз 0…+2°C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жаңбыр, қар жауады, жел 5-10, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +4...+6°C.
Таразда құбылмалы бұлтты, жаңбыр, қар жауады, жел 9-14, екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +12…+14°C.
Түркістан қаласында құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3, күндіз +10...+12°C.
Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, жел 9-14, күндіз екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз 0...+2°C.
Өскеменде күн бұлтты, жаңбыр, қар, бұрқасын, көктайғақ, жел 7-12, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -1...+1°C, күндіз +1...+3°C.
09 наурыз 2025 ж. 89 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№19 (10387)

15 наурыз 2025 ж.

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 493
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31