«QAZAQSTAN DAUIRI» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ МУЗЕЙДЕ
Ауданға арнайы келген «Qazaqstan dauiri» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлы аудандық музейде болып, экспозициялық залмен танысты.
Экскурсия барысында музейдің тарихи-мәдени мұрасы, өңірдің өткені мен бүгінін сабақтастырған құнды жәдігерлер таныстырылды. Экскурсия музей мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы байланысты нығайтып, тарихи құндылықтарды кеңінен насихаттауға бағытталды.
Тарих пен тағылым тоғысқан бұл жүздесу барысында рухани мұра дәріптеліп, ұлттық құндылықтар ұлықталды















