» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАНЖАЛДЫ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНУДА

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАНЖАЛДЫ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНУДА


2026 жылғы 30-31 қазанда Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕӘҚ гранты аясында «Оңтүстік өңірлерде тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру бойынша кешенді іс-шаралар өтуде.
Жоба аясында ұйымдастырылған іс-шараларға этномәдени қоғамдастық пен азаматтық қоғам институттарының өкілдері, сарапшылар, қоғам қайраткерлері және студент жастар қатысуда. Кездесулердің басты тақырыбы — этносаралық қарым-қатынас пен қоғамдық өзара әрекеттестік мәдениетін дамыту. Сарапшылар өзара құрмет, ұрпақтар сабақтастығы, тәрбие, медиасауаттылық және цифрлық ортада жауапты қарым-қатынас қалыптастыру мәселелерін талқылауда.
Жоба шеңберіндегі алғашқы шара — бүгін Ә. Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен «Кәсіби ортадағы мәдениетаралық коммуникация» тақырыбындағы сарапшылық кездесу. Жиынның модераторы — Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім және тіл орталығы» КММ директоры Бақытжан Камалов.
Кездесу барысында «Шаңырақ» кафедралар қауымдастығы» РҚБ төрайымы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы «Шаңырақ» ғылыми-білім беру орталығының директоры, саяси ғылымдар докторы Наталья Калашникова , сарапшы-аналитик, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің доцент-практигі, саяси ғылымдар докторы Әсем Қайдарова, қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Сенатының экс-депутаты, Журналистер клубының төрағасы, құқықтану магистрі Әлішер Сатвалдиев, Қызылорда облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Айгүл Мұсабаева, Қызылорда облыстық «Славяне» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова сөз сөйледі. Спикерлердің баяндамаларынан кейін өзара пікір алмасу өтті.
Іс-шара соңында тренер-аналитик, социология саласының сарапшысы Айгүл Ешмағамбетова қатысушылар арасында әлеуметтанулық сауалнама жүргізді.
03 қараша 2026 ж. 38 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 211
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 395

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30