» » «Ұлт денсаулығы – басты назарда» жобасы аясында 1600 адамнан сауалнама алынды

«Ұлт денсаулығы – басты назарда» жобасы аясында 1600 адамнан сауалнама алынды

«Бастамаларды қолдау» қоғамдық бірлестігі 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап Қызылорда облысында «Ұлт денсаулығы – басты назарда» жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында әлеуметтік пен денсаулық сақтау саласына қатысы бар үкіметтік емес ұйым өкілдері мен мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың өкілдері енген жұмысшы тобы құрылды.
Жоба аясында Қызылорда облысында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін ұсыну бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізілуде. Ол үшін Қызылорда облысының тұрғындары арасында онлайн-сауалнама жүргізіліп, Шиелі кенті мен Арал және Қызылорда қаласының азаматтық қоғам белсенділері, сондай-ақ медициналық мекемелердің өкілдерімен сұхбаттасу жүргізілуде.
Облыстың барлық аудандары мен Қызылорда қаласынан 1600-ге жуық адамнан сауалнама алынды.
Сұхбаттасу барысында денсаулық сақтау жүйесіндегі түрлі мәселелер анықталуда. Қоғам белсенділері оларды шешуге арналған ұсыныстарын беріп, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге қатысты пікірлерін білдіруде.
Мұнан өзге, жоба аясында «Бастамаларды қолдау» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасымен, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен және өзге де мекемелермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауда.
Жобаны АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау бағдарламасы аясында Еуразия қоры қолдайды.
12 ақпан 2021 ж. 503 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 376
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 151

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930