» » Қызылордада «Менің елім - менің туым» акциясы өтті

Қызылордада «Менің елім - менің туым» акциясы өтті


25 қазан - Республика күні қарсаңында Қызылорда қаласында «Менің елім - менің туым» патриоттық акциясы ұйымдастырылды. Бастаманы «Әділет» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалы жүзеге асырды.

Акция аясында қаладағы көрнекті нысандардың бірі - 11 қабатты «Grand Plaza» ғимаратының қылтималарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы орналастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты - Мемлекеттік Туға деген құрметті арттыру, жастардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру және елге деген мақтаныш сезімін нығайту.

«Әділет» партиясының белсенді жасы Жанерке Қуатбайдың айтуынша, бұл бастама Мемлекеттік Тудың ел бірлігі мен тәуелсіздіктің символы ретіндегі маңызын айшықтайды.

«Көк Туымыздың осындай биіктікте желбіреп тұруы - әрбір қазақстандық үшін мақтаныш. Өйткені, Туымыз - тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің және ортақ құндылықтарымыздың белгісі. Барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаймын! Көк байрағымыз әрдайым биікте желбірей берсін!» - деді Жанерке Асқарбекқызы.

Айта кетейік, «Менің елім - менің туым» акциясы еліміздің барлық өңірінде өткізіліп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, азаматтардың патриоттық сезімін арттыруға және Мемлекеттік Туға деген құрметті нығайтуға бағытталған.
23 қазан 2026 ж. 75 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 134
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 329

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031