Қармақшы ауданының «Адина» сауда үйінде «Republic Day» акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
«Republic Day» республикалық акциясы аясында Қармақшы ауданы, Жосалы кентіндегі «Адина» сауда үйінде мерекелік іс-шаралар өткізілді.Сауда науқаны аясында азық-түлік емес тауарларға, киім-кешекке және басқа да өнімдерге 10–50% аралығында жеңілдіктер ұсынылды. Сонымен қатар, сауда үйінің алдында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп, мектеп оқушыларының қолөнер көрмесі мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.















