ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ МҰРАСЫ
Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінде қазақтың халық поэзиясының алыбы, айтыс өнерінің хас шебері, жыраулық дәстүрдің көрнекті өкілі Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арнайы «Жамбыл Жабаев мұрасы» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында ақынның жыршылық өнері, айтыскерлік шеберлігі, ел тарихы мен халық тағдырын арқау еткен шығармалары туралы кеңінен мағлұмат берілді. Сонымен қатар Жамбылдың өнегелі өмірі мен рухани мұрасының бүгінгі ұрпақ үшін маңызы түсіндірілді.
Кент орталығындағы №27, №121 мектептің оқушылары Жамбылдың маржан жырларын тарту етіп, тарихта есімдері қалған Жамбыл мен Құлмамбеттің айтысынан үзінді орындады. Сондай-ақ №26 орта мектептің оқушылары Жамбыл мұрасы турасында өз ойларын ортаға салды.

















