» » Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?

Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?

Осы айдың 10-12 күндерінде елдің орталығында, 10-11 күндері оңтүстік пен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 10-11 қазанда оңтүстік-батыста, 11-12 аралығында солтүстік-батыста және солтүстікте, 10 және 12 қазанда шығыста, 12 қазанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады деп болжанып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 қазанға қараған түні Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. 12 қазанда Түркістан облысында қатты жаңбыр болжанады.
Қазгидромет мәліметінше, ел аумағы бойынша түнде және таңертең тұман күтіледі.
Күндіз ауа температурасының жоғарылауы болжанады:
  • елдің батысында +22+27°С-қа дейін;
  • солтүстік-батысында +17+25°С-қа дейін;
  • солтүстігінде +13+20°С-қа дейін;
  • орталығында +13+22°С-қа дейін;
  • шығысында +10+22°С-қа дейін;
  • оңтүстігінде, Қызылорда облысында +23+28°С-қа дейін, ал Түркістан облысында ауа температурасы +18+23°С-қа дейін төмендейді;
  • елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасының негізгі фоны +17+25°С болады.
09 қазан 2026 ж. 99 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 188
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 380

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30