» » “Қар, жаңбыр, көктайғақ“. Алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады

“Қар, жаңбыр, көктайғақ“. Алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады

Алдағы күндері елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып, қар жауады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болжанады.
Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында қарлы бұрқасын, көктайғақ құбылыстары, елдің басым бөлігінде екпінді жел күтіледі. 12 қарашада Шығыс Қазақстан облысында, 12-13 қарашада республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты қар, 13 қарашада Қазақстанның оңтүстігінде нөсер жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін. Тек батысында, 14 қарашада елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Батыс облыстарында ауа температурасының түнде 0-11 аяздан 8 градус аяз -3 градус жылуға дейін, Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығындағы өңірлерде түнде 8-18-ден 3-15 аязға дейін, күндіз 5-12-ден 0-8 аязға дейін, республиканың шығысында 13 қарашада ауа температурасының түнде 10-25 аязға дейін, күндіз 5-16 аязға дейін төмендеуі күтіледі, 14 қарашада түнде 7-20 аязға дейін, күндіз 2-13 аязға дейін, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасының біртіндеп төмендеуі болжанады, түнде 6 градус жылудан - 6 градус аяздан, 1-10 аязға дейін, күндіз 3 градус аяз - 5 градус жылуға дейін.
11 қараша 2024 ж. 279 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930