» » Жергілікті жолдардағы әрбір үшінші жол-құрылыс материалының сынамасы талапқа сай емес

Жергілікті жолдардағы әрбір үшінші жол-құрылыс материалының сынамасы талапқа сай емес

2026 жылдың басынан бері «Жол сапасы» (Жол активтері сапасының ұлттық орталығы) жергілікті жол желісіндегі 15 мыңнан астам жол-құрылыс материалының сынамасын зерттеді. Зертханалық сынақтардың нәтижесінде олардың 32 пайызы белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды.

Бұл деректер Астана қаласында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Сапалы жол: жоспарлаудан пайдалануға дейін» атты семинар-кеңесте айтылды. Іс-шараға өңірлер мен «Жол сапасы» филиалдарының өкілдері қатысты.

Зерттеу нәтижелері жергілікті жолдардың сапасы мәселесі жол-құрылыс материалдарын қолдану кезеңінің өзінде өзекті екенін көрсетеді. Зертханалық сынақтар талаптарға сәйкессіздіктерді дер кезінде анықтап, олардың жол нысанының сапасы мен қызмет ету мерзіміне әсер етуіне жол бермей, тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, анықталған кемшіліктерді жою мәселесі де өзекті болып отыр. Жыл басынан бері жергілікті жолдарда 1 997 технологиялық бұзушылық пен ақау тіркелген. Бүгінде оның 214-і жойылған, ал 1 783-і әлі жойылмаған. Яғни анықталған бұзушылықтардың шамамен 90 пайызы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілмеген.

Бұдан бөлек, 2024–2026 жылдары жергілікті атқарушы органдар 1 127 жол нысанын қабылдаған. Олардың бірқатарында жүргізілген тексеру барысында талаптарға сәйкессіздіктер анықталған.

Семинар барысында өңір өкілдері мен «Жол сапасы» мамандары нақты проблемалық нысандарды, зертханалық зерттеулердің нәтижелерін және анықталған ақаулардың уақытылы жойылмау себептерін қарастырып жатыр. Сондай-ақ техникалық қадағалау, мердігер ұйымдар, жергілікті тапсырыс берушілер мен Орталық мамандары арасындағы өзара іс-қимыл мәселесіне ерекше назар аударылды.

Жиында қолданыстағы нормативтік базаға қатысты мәселелер де көтерілді. Қатысушылар қолданыстағы нормаларды қайта қарау және талаптардағы сәйкессіздіктерге байланысты нормативтік құжаттарға кешенді ревизия жүргізу қажеттігін атап өтті. Нормативтік базаны жаңарту жол жұмыстары мен қолданылатын материалдардың сапасын бағалауда бірыңғай тәсіл қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жұмыс қорытындысы бойынша жергілікті жол желісінің сапасын арттыруға бағытталған нақты шаралар жоспарын әзірлеу көзделіп отыр. Онда анықталған бұзушылықтарды жоюға жауапты тұлғалар мен орындалу мерзімдері көрсетіледі. Сонымен қатар нормативтік базаны жаңарту бойынша ұсыныстар әзірленеді.

Сондай-ақ жергілікті жол желісін дамыту бойынша үш жылдық іс-шаралар жоспарын әзірлеу және өңірлік әрі республикалық деңгейде шешуді қажет ететін мәселелерді айқындау жоспарлануда.

Негізгі ұстаным өзгермейді: анықталған сәйкессіздік тек тексеру нәтижесінде тіркеліп қана қоймай, белгіленген мерзімде міндетті түрде жойылуы тиіс.
06 қазан 2026 ж. 52 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 988
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031