» » Қызылорда Қазақстандағы өмір сүру сапасы жоғары аймақтардың көшін бастады

Қызылорда Қазақстандағы өмір сүру сапасы жоғары аймақтардың көшін бастады

Kyzylorda-news.kz Экономикалық зерттеулер институты (ERI) 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның 26 қаласынан алынған мәліметтерді зерттеді. Өмір сүру сапасы рейтингінде көш басында Қызылорда қаласы тұр. 
Зерттеу 110 көрсеткішті пайдалана отырып жүргізілді, оның ішінде 70 статистикалық және 40 сауалнамалық көрсеткіш болды. Сарапшылардың пікірінше, жетекші қалалардың ұстанымдары бірқатар статистикалық көрсеткіштердің оң динамикасы және қала тұрғындарына жүргізілген сауалнаманың қорытындысымен шешім шығарылған.
Әлеуметтік сауалнама нәтижелері еліміздің барлық қалаларында әртүрлі дәрежедегі мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беру сапасына қатысты проблемалардың бар екенін көрсеткен. Кейбір қалаларда медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі өзекті болып отыр. Халықтың елдегі моноқалалардан кетуіне жоғары сапалы базалық қызметтердің жоқтығы себеп болып отыр.
Экономикалық зерттеулер институты қалалардың өмір сүру сапасының рейтингін жасау қалалар үшін әлеуметтік-экономикалық даму жолында кемшіліктері мен артықшылықтарын саралауға көмек болатынын алға тартты. Сонымен қатар олардың болашақ даму стратегияларын анықтауда маңызды нұсқаулық болатынын атап өтті.
24 маусым 2024 ж. 386 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 392

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031