» » Ерекше функцияларға ие "ақылды" қолсағаттар

Ерекше функцияларға ие "ақылды" қолсағаттар

Ерекше функцияларға ие
Байқасаңыз, сағатты тек сән үшін тағатын дәуір өтіп бара жатыр. Қазіргі қолсағаттар кез келген жағдайда қажет болатын түрлі функцияларға ие. Қалағаныңды орындап беретін бүгінгі "ақылды" қолсағаттарға, тіпті жаныңды өлімнен арашалап қала алатын функциялар енгізілген.
Тот баспайтын болаттан жасалған аксессуар фитнес-білезіктің қызметтерін атқара алады. Су астына сүңгісеңіз де жұмысын тоқтатпайтын қолсағат ең қажетті аксессуарлар қатарында. Италиялық Emporio Armani компаниясы Connected деп аталған жаңа смарт сағатты таныстырды. Жинақы дизайнмен жасалған гаджеттің бағасы – теңгемен есептегенде 110 мың.
Сұр, қара, күлгін-сары түспен сатылымға шыққан аксессуар 1,19 дюйм көлеміндегі экранға ие. Сонымен қатар, сағаттың орналасқан мекенжайын нақты көрсететін GPS, NFC микроқондырғылар орнатылған.
Әдеттегідей, жүрек қағысының жиілігін өлшейтін қондырғы және фитнеске арналған функциялар жұмыс істейді. Swimproof технологиясының арқасында сағатты қолға таққан күйі қорықпастан суға шомыла беруге болады. Компания атаулы девайсті онлайн түрде де сатылымға шығарып үлгерді.
Сонымен қатар, жақында Райан Говардтың идеясынан туындаған iBeat Heart Watch ақылды қолсағаты да әлемдік нарыққа кірді. Бұл сағаттың шығу тарихының өзі қызық. Осыдан дәл 3 жыл бұрын Райан Говард түсінде бала күнгі досының қайтыс болғанын көреді. Осы қорқыныш Говардтың жадында ұзаққа дейін жатталып қалады. Үнемі қалың ойға шомып жүретін ол аяқасты адамның жүрегі сыр берген жағдайда бірден белгі беретін құрылғы іздейді. Бірақ, іздегенін таба алмайды. Осы ізденіс араға 3 жыл салғаннан кейін iBeat Heart Watch сағатының жарыққа шығуына түрткі болады.
Говард жасаған құрылғы қарапайым сағат сияқты көрінгенімен адамның жүрегі қысылып, жайсыз сезіне бастағанда дабыл беріп, өлімнен арашалап қала алады. Осы қызметті орындау үшін сағат секундына 100 рет сіздің жүрек қағысыңыздағы ақпаратты жинап, қолданушыға көрсетіп тұрады. Оқыс жағдай орын алып, дабыл қағылғаннан кейін сағат иесі 10 секундтың ішінде жауап қайырмаса жасанды интеллектпен жабдықталған құрылғы автоматты түрде жедел жәрдем шақырып, жақындарыңызға хабар береді.
Идея авторы Райан Говардтың ойынша, бұл құрылғы жасы 50-ден асқандарға және жүрек ауруымен ауыратын адамдарға арналған. Адам өліміне араша болу үшін жасалған бұл сағаттың негізгі артықшылығы аккумуляторының қуаттылығында. Құрылғы небәрі 1 сағаттың ішінде толықтай қуатталады және осы қуат 4 күнге дейін жетеді.
18 шілде 2018 ж. 1 163 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 053

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031