КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
Өздеріңізге белгілі, аудан көлемінде кәсіпкерлік саласы мемлекеттік қолдаулар мен жаңа бағдарламалардың арқасында тұрақты түрде дамып келеді. Осы бағытта «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде бірқатар ауыл тұрғындары жеке кәсіптерін дөңгелетіп, табысты етіп жүргізуде.
Оның дәлелі ретінде Төретам кентінде жеке кәсіпкер «Контидерлік цех ашу» жобасымен несие қаражатын алып, тәттілерге тапсырыстар қабылдап, жұмысын жасауда. Қармақшы ауылдық округінен жеке кәсіпкер «Саман блогын шығаруға құрал-жабдық сатып алу» жобасы бойынша қаражат алып, жұмысын бастап кетті.

















