» » Аға буын – ел мақтанышы

Аға буын – ел мақтанышы

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Әділет» партиясы Байқоңыр филиалының «Денсаулық» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Аға буын – ел мақтанышы» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, өмірлік тәжірибесі мен өнегесін кейінгі ұрпаққа насихаттау, сондай-ақ әлеуметтік мәселелеріне назар аудару.
Кездесу барысында аға буын өкілдерімен ашық пікір алмасып, олардың ұсыныс-тілектері тыңдалды. Қатысушылар денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, медициналық қызметтердің қолжетімділігі және күнделікті тұрмысқа қатысты бірқатар мәселелерді ортаға салды.
Іс-шарада сөз алған «Денсаулық» БПҰ төрағасы Ержан Игенбаев аға буынның қоғамдағы орнына тоқталып, олардың елдің дамуына қосқан үлесі мен өмірлік тәжірибесінің маңызын атап өтті. Сондай-ақ жастарға бағыт-бағдар беруде, ұлттық құндылықтар мен ұрпақтар сабақтастығын сақтауда аға буынның рөлі ерекше екенін айтты.
Кездесуде «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында белгіленген әлеуметтік бағыттарға назар аударылды. Атап айтқанда, аға буынның өмір сүру сапасын арттыру, медициналық және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал ету бағыттары талқыланды.
Аға буын – елдің өткені мен бүгінін жалғап тұрған алтын көпір. Олардың еңбек жолы, өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесі кейінгі ұрпақ үшін әрдайым құнды.
Мұндай кездесулер аға буынның мәселелерін тыңдап қана қоймай, ұрпақтар арасындағы өзара байланысты нығайтып, қоғамдағы сыйластық пен сабақтастықты қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ағаға құрмет – ұрпаққа өнеге.
01 қазан 2026 ж. 47 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 956
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 191

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031